75
Педагогикада нақты статистикалық модель құру мүмкін емес, ӛйткені
педагогикалық іс-әрекет – бұл шығармашылық үдеріс, олар адамдар
арасындағы ӛзара әрекеттестікті кӛрсетеді, ал әрбір адам бұл дербес тұлға, олар
белгілі амалдар мен әдістерді қажет етеді.
Бірқатар зерттеулерді жүргізу негізінде біз студент активінің лидерлік
әлеуетін қалыптастыру моделін құрып және ондағы басты құрылымдық
компоненттерді ерекшеледік.
Біз модельдеу ережесінің әдіснамалық негіздеріне сүйендік. Ұсынылған
модель жүйе элементтері және жүйе құрушы байланыстар элементтерінен
тұрады. Оқу іс-әрекеті жүйесінің элементтерін ерекшелеу мақсатымен
дидактикалық жұмыстар ұсынылды. Аталған жұмыстарды талдау негізі оқыту
үдерісі тӛмендегілерді кӛрсетті: оқу және оқытудың мазмұндық, әдістемелік,
нәтижелік және ұйымдастырушылық компоненттері. Осылайша, негізгі ішкі
элементтер ретінде модель ӛзіне тӛмендегідей оқытудың ӛзара байланысты
компоненттерінен тұрады: мақсат, мазмұн, сабақтар формасы мен әдістері,
оқытудың нәтижелері мен кӛрсеткіштері.
Тӛменде үшінші суретте біз педагогикалық жоғары оқу орындарының
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделін ұсынамыз (сурет 3).
Біз жасаған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің
лидерлік әлеуетін дамытудың моделі тӛрт блоктан тұрады: мақсаттық,
әдіснамалық, мазмұндық және нәтижелік блоктордан.
Мақсаттық блок қоғамның әлеуметтік тапсырысынан және педагогикалық
мамандықтарға арналған Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартынан
туындаған міндеттерді шешуге бағытталған және сол қажеттіліктерді жүзеге
асырудың мақсат пен міндеттерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: