Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Сурет- 3.7. Саңыраулық және шырша салыстыру    Ересек топта сандық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет24/53
Дата07.02.2022
өлшемі1,08 Mb.
#91576
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

 
Сурет- 3.7. Саңыраулық және шырша салыстыру 
 
Ересек топта сандық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. 
Ересек 
жастағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың 
маңыздылығы бірқатар себептерге байланысты: ақпараттың молдығы, 
компьютерге зейіннің жоғарылауы, оқыту процесінің қарқынын жоғарылату; 
ата-аналардың өз балаларына цифрларды тану, санау, есептер шығаруға 
үйретуді ерте бастауға ұмтылуы.
 
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқытудың табыстылығы 
ұсынып отырған материалдардың мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, 
балалардың қызығушылықтары мен танымдық белсенділіктерін арттыру 
мақсатында, балаларға жеткізу түріне де байланысты болады. Қарапайым 
математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті 
енжар 
баланың 
белсенділігін 
арттыратындай 
болу 
керек. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрін берілген тапсырмаларға байланысты 
өзгертіп отырған жөн. Оны өткізудің түрлі нұсқаларын іздестіру қажет. 
Жаңа материалды оқып-үйрену өткен материалды қайталаудан бастайды. 
Қайталау ойын жаттығулары түрінде ұйымдастырылады және 2-5 минут 
уақытты алады. Білімдерді бекітуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін 
де ойын жаттығуларынан бастайды. 
Тәрбиеші ырықты зейінді қажет ететін ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің негізгі бөлімін ойын элементтерімен кезектестіреді. Бірыңғай 
жаттығулар санын 3-4-ке дейін шектейді. Балалардың шаршағаны байқалса, 12-
14 минуттан кейін сергіту жаттығуы өткізіледі. Оның мазмұнын, 
мүмкіндігінше, оқытылып жатқанның мазмұнымен байланыстырады. Тәрбиеші 
сұрақ қоя отырып, балалардың барлығын сабаққа қатыстыруға тырысады. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында балаларды не білгендері, 
нені үйренгендері, кім қандай іспен айналысқандары туралы есеп бере білуге 
ынталандыру қажет. Бұл балалардың өз-өзіне бақылау жасауларына, өздерінің 
білімдері мен әрекеттеріне дұрыс баға беруге үйретуге мүмкіндік туғызады. 


41 
Тәрбиеші 
балалардың 
қарапайым 
математикалық 
ұғымдарын 
қалыптастыра отырып, көрнекілік, ауызша және практикалық әдіс-тәсілдерді 
кешенді түрде қолданады. Тәрбиешінің осы жастағы балалардың танымдық 
сипаттағы тапсырмаларын түсінуге және олардың нұсқауларына сай әрекет 
жасауға мүмкіндіктері бар. Қойылған міндеттер балалардың танымдық 
белсенділігін оятуға мүмкіндік туғызады, сондықтан ересектер тобындағы 
балалардың ақыл-ой операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау) 
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Балалар аталған операцияларды көрнекіліктерге 
сүйене отырып орындайды. 
Ересектер тобында көрнекі құралдардың түрлері көбейеді және сипаты 
біршама өзгереді. Иллюстративті материалдар ретінде ойыншықтар мен 
заттарды қолдану жалғастырылады. Қазір суреттермен, түрлі-түсті және 
бейнелі заттармен жұмыс жасау үлкен орын алады, заттардың суреттері сызба 
түрінде болуы да мүмкін. 
Бұл топта жаңа міндет болып реттік санауға үйрету болып табылады. 
Көрнекі құралдар: жиындар, әр түрлі заттардан құралған, бір атаумен аталатын. 
«Қанша», «нешінші», «қандай» сұрақтарын ажыратуға және оларға дұрыс 
жауап беруге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет