39
мақсатты айқындап ашып беріп, сонан соң қажетті құралдармен қамтамасыз ету
керек. Ал мақсат пен құралдар өзара байланысты болғандықтан, оларды бір
мезгіле ұғынып алу белгілі бір қиындықтар туғызады, сондықтан санау іс
әрекетінің бұл жақтарын тәрбиеші мен балалардың уақытша бөлісуіне тура
келеді: санау процесін тәрбиеші жүзеге асырады, ал балалар тәрбиешінің
санағанын негіз етіп алып, жиындардың санын ажырата білетін болғандықтан,
тек қорытынды санды ғана атайды: қандай да бір жиында не бары неше элемент
барын айтады.
Бұл кезеңде балалардың назары ең алдымен жиындардың сандық
құрамын салыстыру мен санау іс әрекетінің негізгі мақсаты-қорытынды санға
аударылады. Салыстыру үшін тетелес сандармен өрнектелген әр түрлі жиындар
пайдаланылады.
Тәрбиешінің санауы бойынша балалар қорытынды санның не екенін
түсінуі, бір жағынан элементтердің салыстыру жолымен жиындарды ажырата
білетіндіктеріне, екінші жағынан, тәрбиешінің жиын элементтерін сан есім-
сөздерді пайдаланып шығудың қолданылатын жаңа тәсіліне негізделеді.
Санап үйрену-бір заттардың жалпы санын анықтай білу деген сөз.
Санаудың негізгі элементтері мыналар:
-
Сан есімдерді ретімен атау;
-
Әрбір сан есімді жиынның тек бір ғана затына сәйкестеу;
-
Қорытынды санның мәнін ұғып алу, яғни санағанда соңғы аталған және
соңғы объектіге қатысты аталған сан, сондай ақ, саналған жиынға да қатысты
болатынын және жиын элементтерінің жалпы санының көрсеткіші болып
табылатынын түсіну.
Санау іс әрекетінің мақсаты- қорытынды санды табу, ал ол мақсатқа жету
жолы сан есімдерді ретімен атау және оларды жиынның әрбір элементіне
сәйкестеу болып табылады. Олай болса, балаларды санау нәтижесін санап шығу
процесінен ажырата білуге үйретуді әрі қарай жалғыстыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: