Мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
1. Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Даму Бағдарламаның есептердің бірі болып тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту жәрдем бойынша шаралар есебінен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кәсіптік дайындақ, біліктілігін көтеру және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, жұмыссыздарды өз бетінше жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету оларға өз ісін ашу үшін ақшалай көмекті көрсету.
2015 жыл ішінде «Шахтинск қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысқа орналастыру жәрдеммен 1684 адам хабарласты, олардың ішінен 1525 адам жұмысқа орналастырылды. Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде олардың жеке ықыласы, біліктілігі, кәсіби дайындық деңгейі есептеледі.
Шаруашылықтың жаңа түрлері жұмыскерлерге талаптарын жоғарлатуды туғызды. «Жана сапа» деп аталатын мамандарға сұраныс өсті: кеңсе жұмыскерлері, аудармашылар, сонымен қатар жұмысшылар: аспазшылар, кассалық аппараттарды игерген сертификаты бар сатушы-кеңесші және тағы басқалары. Мұның барлығы жұмыссыздарды қайта оқыту кезінде есептеледі. Есептік кезең ішінде кәсіби оқуға, қайта оқуға 124 адам жолданды. Оқу шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша жүргізілді: аспазшы-универсал (аспазшы-кондитер-кулинар), үлгіші-тігінші, іс жүргізуші, сатушы-кеңесші, 1-С есепшісі, ЭЕМ операторы («Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде).
Жұмыстың басым бағыты персонал іріктеу сұрағы бойынша басшылармен тұрақты байланыс орнату болып табылады. Шахтинск аймағының барлық меншік нысандарының басшыларымен бос жұмыс орындар, вакансиялар туралы мәлімет ұсыну қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |