Мақсат:Ішкі сауда тиімділігін арттыру.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аймақта 160 сауда нысаны, 71 қоғамдық тамақтану нысандары, 44 қызмет саласында 44 нысан және сауда базарлары 3 жұмыс істейді.
Барлық сауда нысандарымен меморандум жасалды "Әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдеріне үстеме немесе 100%. 2015 жылы тауар айналымының көлемі 8 млрд. 687,4 млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 117,1% (2014 жыл – 7 млрд. 416,9 млн. теңге). ЖКИ –96,6%.
Азық- түліктік және азық- түліктік емес тауарларға кері тенденция байқалады. Еңбекақы сол қалпы қалуда, бұл бағаның өсуімен байқалады. Шахтинск аймағы тұрғындарының жартысы облыстық орталықтан тауарларды алады, ол жақта жеңілдіктер мен акциялар көп.
2015 жылы 2 сауда нысаны ашылған «Аква Плюс» ЖК Файзулин сауда нысаны, «Ассорти» супермаркеті ЖК Филинский, онда 62 жаңа ұмыс орны құрылған. Сонымен қатар бір тамақтану орны ашылған ЖК Жетенов, Шахан кентінде ЖК Панасюк азық – түлік дүкені.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген Ел Басының тапсырмасына сәйкес, отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстанда жасалған» акциясы басталған. 100 сауда нысанында (5 супермаркет және 95 дүкен) «Қазақстанда жасалған» логотиптері орналастырылған. Отандық өндірушілердің халық тұтынатын тауарларымен және өндірістік тауарлардың жеке сөрелері құрылған. Осымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстанда жасалған» бөлімдерінде отандық өндірушілердің тауарларын жылжыту бойынша имидждік материалдар орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |