Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы деп бұл екi өткiзгiштiң бiрiнiң зарядының олардың потенциалдарын айырмасына қатынасын айтады:
(4.13)
Дараланған өткiзгiштiң электр сыйымдылығы деп, өткiзгiш потенциалы шексiз қашықтықта нөлге тең деп жорамалдағанда, бұл өткiзгiштiң зарядының q оның потенциалына φ қатынасын айтады:
(4.14)
Өткiзгiштiң электр сыйымдылығы оның формасынан, сызықты өлшемдерiненжәне қоршаған ортаның электрлiк қасиеттерiнен тәүелдi.
Радиусы R дараланған шардың немесе өткiзгiш сфераның электр сыйымдылығы мынаған тең:
(4.15)
мұнда ε0- электр тұрақтысы.
Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы СИ жүйесiнде бiрге тең, егер оларға +1 Кл және –1 Кл заряд жiберiлсе, олардың арасындағы потенциалдар айырымы 1 В. Бұл бiрлiктi фарад (1 Ф) деп атайды; 1 Ф = 1 Кл/В.
§ 4.10 Конденсатор. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы
К
4.14-сурет
4.15-сурет
онденсатор деп диэлектриктердiң жұқа қабатымен бөлiнген модульдары бойынша тең әр аттас зарядталған зарядтардың екi өткiзгiштен тұратын жүйесiн айтады.
Бұл жағдайда конденсатордың орамдары деп аталатын өткiзгiштердiң формасымен бiр-бiрiне қатысты орналасуы олардың тудыратын электр өрiсi кеңiстiктiң шектеулi аймағына бағытталатындай болуы керек.
Конденсаторлар жазық, сфералық және цилиндрлiк деп ажыратылады.
Конденсатордың электр сыйымдылығы жоғарыда көрсетiлген формуладағыдай екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығынан есептеледi:
Ж
4.16-сурет
4.17-сурет
азық конденсатор бiр-бiрiнен аз арақашықтықта орналасқан бiрдей екi параллель пластинадан тұрады. Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы мынаған тең:
(4.16)
мұнда S – әр пластинаның ауданы, d – пластиналар арасындағы арақашықтық.
§ 4.11 Электр өрiсiнiң энергиясы. Конденсаторды тiзбектей және параллель жалғау
Зарядталған конденсатор энергиясы мына формуламен анықталады:
(4.17)
мұнда q – конденсатор орамының заряды, U – орамдар арасындағы потенциалдар айырымы.
Зарядталған конденсатордың энергиясы деп олардың электр өрiсiн жасайтын энергияны айтады.
Э