2.1 р-n-ауысу (Электрондық-кемтіктік ауысу)
Әртүрлі типті екі жартылайөткізгіштерді механикалық контактіге келтіру арқылы р-n-ауысуды алу мүмкін емес, оған себеп:
- біріншіден, жартылайөткізгіштердің беткі қабатын жақсы диэлектрик болатын тотық басып жатады;
- екіншіден, екі жартылайөткізгіштердің арасында әрқашан атомаралық қашықтықтан қалың ауа қабаты болады.
Сондықтан, р-n-ауысу басқа тәсілмен алынады. Олардың негізгілері:
1. Құйма әдісі (жартылайөткізгіш пластинасына қажет қоспасы бар металл немесе құйма балқытылып құйылады).
2. Диффузиялық әдіс.
2.2 Тепе-теңдік күйдегі p-n-ауысуды алу
6 суретте тепе-теңдік күйдегі р-n-ауысудағы үрдістер моделі келтірілген.
6 Сурет – p-n-ауысудың тепе-теңдік күйі [6]
p және n аймақтардың шекарасында еркін заряд тасымалдаушылардың концентрациясының градиенті орын алған. Диффузия әсерінен n аймақтағы электронадар n аймаққа ауысып ондағы кемтіктермен рекомбинацияға ұшырайды (өзара жойылады). Кетіктер керісінше, р аймақтан n аймаққа ауысып электордармен рекомбинацияға ұшырайды. Нәтижесінде р аймақта шекараға жақын ауданда осы аймаққа өтіп кеткен электрондардың теңгерілмеген артық теріс заряды пайда болады. Керісінше, n аймақтың шекараға жақын аумағында осы аймаққа ауысқан кемтіктердің теңгерілмеген оң заряды пайда болады. Зарядтар арасында «φк» потенциалдар айырымы және кернеулігі Ек электр өрісі пайда болады. Бұл өріс еркін заряд тасымалдаушыларының (электрондар мен кемтіктердің) p және n аймақтарының терең аудандарынан p-n-ауысудан әрі қарай ауыса беруіне (диффузиясына) бөгет болады. p-n аймақтардың шекарасындағы еркін заряд тасымалдаушылары кеміп қалған (кедейленген) аймақ p-n-ауысу деп аталады. Егер сырттан p-n-ауысуға ешқандай кернеу берілмеген болса, онда p-n-ауысу арқылы бір біріне қарама қарсы тектері екі түрлі зарядтар ағыны (екі түрлі ток) қозғалады, және олар тепе-теңдік ағындар болып табылады. Біріншісі – диффузиялық ток, концентраяциялар айырым әсерінен пайда болады. Екіншісі – дрейфтік ток, диффузиялық ток әсерінен пайда болған потенциалдар айырымы еркін заряд тасымалдаушыларды қозғалысқа келтіреді, тек ол токтың бағыты диффузиялық ток бағытына қарама-қарсы болады. Сонымен сырттан кернеу берілмесе, бұл екі ток өзара бірін-бірі теңгереді де p-n-ауысудағы нәтижелік ток нөлге тең болады.
Ipn = Iдиф + Iдр = 0
Бұл қатынас p-n-ауысудағы токтардың динамикалық тепе-теңдік шарты деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |