В. А. Сухомлинский оқушылардың ата аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»


АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС



бет6/7
Дата18.04.2022
өлшемі41,58 Kb.
#139855
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0006073c-bb714b57

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып,бөгде орындарға таратпаңыз. 
5. Мектеп– балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз. 
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 
10. Өз уақыты мен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 
14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 
1. Сынып жетекшісі; 
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4. Әлеуметтік педагог; 
5. Мектеп басшысы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет