В. А. Сухомлинский оқушылардың ата аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»



бет7/7
Дата18.04.2022
өлшемі41,58 Kb.
#139855
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
0006073c-bb714b57

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Жалпы білім беретін Салқынкөл орта мектебінің ата-аналармен
2014-2015 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары



Жұмыс мазмұны

мерзімі

1

Ата-аналар алқасының төрайымы сайлау

Қыркүйек

2

Ата-аналар алқасының жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту

Қыркүйек

3

Оқушыларды пәндік, сыныптан тыс үйірмелерге тарту

Үнемі

4

Сынып оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуін бақылау

Үнемі

5

Мектепте өтілетін іс-шаралармен уақытында хабарлар болып отыру

Үнемі

6

Себепсіз сабақтан қалған оқушылармен жұмыс

Үнемі

7

Ата-аналар жиналасын өткізу

Қазан

8

Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру

Желтоқсан

9

«Бала мен ата-ана арасындағы қарым - қатынас» сауалнама ұйымдастыру

Қаңтар

10

Ата-аналарға құқықтық тәрбие беру

Ақпан

11

«Бәрі де,Ана, бір өзіңнен басталды» сынып сағатын ұйымдастыру

Наурыз

12

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

Мамыр



Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері




Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі – ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.
Ой-толғаныс.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
3. Балапан қырақ болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт. 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.
Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес.
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.


Ата-аналармен жұмыс.
Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мұндай міндетті шешу үшін тәрбиешінің тәрбие жұмысының жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.
Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру.
Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу.
Ата-аналарды оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру.
Мұндай маңызды істерді жүзеге асыруда тәрбиеші тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, мектептің ерекшелігін, ата-аналар құрамын, ата-ана мен тәрбиешінің қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын ескеріп есепке алады.
ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ПІКІРІ.
Отбасының төрт түрі:
1. Адамгершілік қатынастары жоғары отбасы. Балалардың өз икемділіктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар. Тәрбиешінің көп араласуын қажет етпейді, дегенмен нақты бір кезеңде тәрбиелеу ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар мен кеңестер артық болмайды. Психолог кеңес береді.
2. Ата-аналарының қарым-қатынасы жақсы, дегенмен тәрбиелеудің дұрыс бағыттарын ұстанбайтын отбасылар . Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, осыған байланысты менмендік, өзімшілдік ойы басым дамиды. Бұл педагогтің көңіл бөлуін сөзсіз талап етеді. Психолог, тифлопедагтың кеңесіне жүгінеді.
3. Дау-жанжалды отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналардың баламен ісі жоқ. Олар өзара қарым-қатынастарын шеше алмайды. Ешқандай парасатты тәрбие туралы сөз болуы да мүмкін емес. Мұндай жағдайда мамандардың ақыл-кеңесі қажет және үнемі қадағалауы тиіс.
4. Ұрпақтар арасындағы сезімталдық, көңіл-күй байланысы жиі бұзылып тұратын отбасылар. Ата-анасы жоқ, анасы, әкесі жоқ балалар, ата, әжесі, аға, апа қамқорлығындағы балалар бар. Мұндай отбасыларымен психологиялық, педагогикалық тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
ЖАНҰЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
Баланың үздіксіз дамуын қадағалау. Бала денсаулығына қамқорлық жасау. Еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдауға және баланың жан-жақты дамуына көмектесу.
Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту. Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға сонымен қатар болашақ өмірге дайындау.
АТА-АНАНЫҢ БАЛА АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫ.
Адамның жеке қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы өзегінде көп жылдар бойы сақталып есінде жүреді.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
АТА-АНАЛАРМЕН МЕКТЕП ҰЖЫМЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
- ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;
- ата-аналарды балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;
- топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;
- ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;
- мектептегі ашық есік күндеріне шақырып, қатыстыру;
- ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС.
Ата-аналармен байланысқа тікелей мектеп директоры және аға тәрбиеші жауапты. Жатақханада ата-аналар кеңесі құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстануда.
- жатақхананың оқу тәрбие процесі, санитарлық-гигиеналық талаптарын орындау, баласын медициналық тексеруден өткізу;
- оқушының іскерлігін, шығармашылық қабілеттерін және білім сапасын арттыруға жаңа оқу жылындағы жатақхананың мақсаты мен міндеттерімен танысу, ұсыныстар енгізу;
- жатақхананың басқару және ұйымдастыру жұмыстарының өтуіне ата-ананың ұсыныстары;
- тәрбиеленушілерді демалысқа үйлеріне уақытында алып, уақытылы әкелу процесіндегі жауапкершілік;
- әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет