В. А. Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен тәжірбесін жүзеге асыруға көрнекті психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, П. П. Блонский және т б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартуш



Дата01.05.2017
өлшемі64,26 Kb.
#15289
Абылайхан С.М., Жұманқызы А.
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп қараған. Ойын балаларды ұйымшылдыққа, қарым-қатынасқа түсуге үйретеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті топпен және жеке балалармен жүргізіледі. Қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, әдіс-тәсілдерді таңдап, сабақ өткізгенде, бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойлады.

Ойын дегеніміз не? Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі:ойынға тарту, рақат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады [1, 27-28б].

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен тәжірбесін жүзеге асыруға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды. Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.) [2, 7б].

Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлеуге құлшындыратын айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша атауларын үйрету үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – дидактикалық ойындар. Әр түрлі топтағы балалардың шамасына қарай берілетін бағдарлама материалдың меңгерту, үйренген білім дағдыларын бекіту жұмыстары дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.Бұл ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану баланың ынтасын күшейтеді.

Дидактакалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттер атқарады. Ойынның мақсаты білім қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау, тексеру сипатында болады. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Педагогикалық үрдісте дидактикалық ойындар екі жақты: ол біріншіден оқыту әдісі болса, екіншіден дербес ойын әрекеті [3, 31-33б].

Педагогикалық дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан-ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым-қатынасқа түсіп, олардың ерешеліктері мен қасиет-сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бір қатар шарттарға байланысты:


  1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

  2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

  3. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позциясы.

  4. Ойынның эмоциональды болуы.

Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жеңіл түрлері қолданылады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын арттыру үшін сабақта және үйде де ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.

Арнаулы қазақ тілі құралдарының қатарында ерекше орын берілетін ойын түрлері – қазақ тіліне тән ә,ү,ұ,қ,ң,ғ,і,һ дыбыстардың дұрыс айтуға арналған дидактикалық ойындар болуы керек, яғни дыбыстық жаттығулар, аударма сөздіктер, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақтар қамтылған ойындар.

Қазақ тіліне оқытуда пайдаланылатын дидактикалық ойындар балалардың сабақ үстінде алған білімдерін бекітуге де, әрі ойын, серуен кездерінде қазақша сөйлеу үлгілерін еркін қолдануға да бағыт береді.

Төменде келтірілетін дидактикалық ойын түрлерін сабақты жүргізетін педагог жақсы біліп, ол ойындардың ойнатылу шарты, қолданылатын құрал-жабдықтары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытарлықтай болғаны жөн.



1. Қазақша сөз формаларын бекітетін ойын –тапсырмалары.

Бұлар – мазмұны қарапайым, орындалу уақыты мөлшерлі ғана ойын түрі. Ойын негізіне нақты заттар арқылы түрліше қимыл-әрекеттерді білдіретін сөздерді түсініп, орындай білу, педагог тапсырмаларын түсініп орындау жатады. Мысалы, «Не жоқ?», «Не өзгерді?», «Бұл не?», «Көрсет те қайтала?», «Тазалықты сүйеміз», «Дене мүшелерін көрсет», «Суретті ата», «Ненің төлі?», «Кім қандай ойыншықтарды біледі?», «Жаңғырық», «Ненің дыбысы?» ойындары.



2. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.

Ойын барысында балалар педагогтың түсінікті етіп қойған сұрағына жауап береді, бір-бірімен өзара сөйлесуге бейімделеді. «Азық-түлік дүкені», «Мамандарды өз орнына қою», «Анаға көмектесу», «Қонақ күту», «Жеміс-көкөніс егу», «Бақшада», «Отбасы», «Емхана», «Зообақ», «Балабқұша», «Супермаркет», «Театр» сияқты рөлдік ойындарда педагог сабақта өтілген грамматикалық категорияларға сәйкестендіріліп беру арқылы жүргізеді. Мысалы: етістіктің 1 жақ түрін меңгеру үшін «Отбасы», ойыны барысында балалар «Менің әжем, менің анам, менің інім .... » т.б. сөйлем құрылымдарын қайталайды. «Анам үйде жоқ», «Інім үйде» деген сөйлем құрылымдарын бекіте түседі. «Отбасы» тақырыбы бойынша сыпайы сөйлесуге тәрбиелейді.



3. Қимыл-қозғалыс ойындар.

Бұл ойын көбінесе сабақ үстінде бой сергіту үшін қолданылады. Мұны сөз ішінде қайталанып келуіне қарай ажыратып, сабақтан тыс уақытта пайдалануға болады. Мысалы: «ө» дыбысын айтуға жаттықтыру үшін ешкіні «шөре-шөре», түйені «көс-көс» деп шақырту, бөпесінің аяқ қолын «бөпем-бөпем өс-өс » деп созғылау, шарды үрлетіп «үф-үф» дейік деп «ү» дыбысының айтылуын үйрету. «Ауырып қалған кезде тамағымызды сумен қалай шаямыз» дей отырып «ғ» деген дыбыстарды айтқызу балалардың әр-түрлі қимыл әрекеттер жасауына, әрі қазақ тілінің ерекшеліктерін үйретуге негіз болады.

Көптеген ойын барысында балалар әр түрлі рөлдерде ойнайды. Мұндай ойын үстінде олардың қиялдау, көз алдына елестету қабілеттері қалыптасады. Қазақ тілінің құрылымдық жағынан хабар беретін лексикалық жаттығулары бар дидактикалық ойындар барысында балалардың ойлау, еске сақтау қабілеттері дами түседі.

Дидактикалық ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері құрайды:



  1. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сәйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.

  2. Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мәліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру;

  3. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру;

  4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау-оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

  5. Мәтінді оқу және ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).

Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойын түрлерін тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, ұйымдастыру-орындау және бақылау-түзету функцияларын іске асыруға, балалардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, бұл ойындар арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты орнауға болады. Сабақтың нәтижелі болуы үшін жоғарыда келтірілген дидактикалық ойын түрлерін әр сабақта бір-бірімен жалғастыра, тиімді қолданып отырылу тиіс.


Әдебиеттер:

  1. Бакарденова А, Б.Баймұратова «Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы: Рауан, 1992ж.

  2. Адамбаева Ж.Д. «Қазақ тілі бойынша дидактикалық материалдар» Орыс мектептеріне арналған оқулық. Рауан, 1990ж.

  3. Әбілкаев А, «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі», Алматы - Санат 1995ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет