В библиотеке



бет5/5
Дата11.11.2016
өлшемі1,08 Mb.
#1478
1   2   3   4   5


Мероприятия проведенные к 20- летию Независимости РК

1 февраля 2011 года в связи с приездом акима области Б. Измухамбетова в нашем районе было открытие ипотечных домов, открытие после капитального ремонта районной детской библиотеки, а также он посетил музей расположенный на 2-ом этаже данного здания. Аким области обратил особое внимание отделу посвященному ВОВ и отделу научных деятелей.

К празднованию национального праздника Наурыз среди читалей был проведено праздничное мероприятие «Наурыз көктем – шуағын төккен» где приняли участие учащиеся профессионального лицея №9.

На эту же тему в районной детской библиотеке был проведен познавательный вечер, для читалей был подготовлен дастархан, были приглашены люди преклонного возраста. В ходе вечера читалели были ознакомлены выставкой «Құт әкелген Наурыз».



А также работники районной библиотеки подготовив сценарий проведения к празднику Наурыз приняли участие в театрализованном представлении «Тәуелсіздіктің ұлы көші». Мероприятия на данную тематику были проведены во всех сельских округах.

15 апреля в читальном зале районной библиотеки состоялась встреча с радиожурналистом, сатириком, Заслуженным деятелем культуры РК, члена Союза Журналистов РК Шаку Рашидом Есетовичем. На встрече присутствовали любители сатиры, литературы. Директор ЦБС М.Наринова поблагодарив гостя прочитала его сатирические стихотворения из журнала «Парасат» и из газет «Қазақ әдебиеті», «Орал өңірі». Рашит Есетович очень увлеченно рассказал о своей творческой деятельности и очень интересно ознакомил присутствующих сатирой.

23 апреля к Всемирному дню книги в районной детской библиотеке прошел бенефис читателей.

Цель мероприятия: Привить учащимся интерес к чтению книг, помочь расширить кругозор читателей.

Бенефис состоял из 4 – этапов:

1. Знакомство

2. Ответы на вопросы

3. Лучший литератор

4. Ответы на логические вопросы

На мероприятии принимали участие следующие учащиеся: Бекмухамбетова М, Нуфтыгалиева И, Куанышкалиева С, Бисекова А, Туменова Л. Ученица 7 класса школы им. Т. Жарокова Бекмухамбетова М стала обладательницей номинации «Читатель года-2011».

К 20- летию Независимости РК 21-22

апреля 2011 года в районе проходил фестиваль детского творчества «Балдаурен». Участниками фестиваля были учащиеся сельских округов а также учащиеся района, было задействовано 103 участников. Всем участникам был предоставлен детский лагерь «Балдаурен». Организаторы фестиваля дали возможность детям активно и очень весело отдохнуть: хороводы у костра, музыкальные конкурсы, праздничная дискотека. На праздничном вечере аким района Утешев Р. К выступил с приветственным словом и пожелал детям удачи. 22- апреля для участников провели экскурсии: в районной детской библиотеке, музее, теплице, присутствовали при возложении венков у Вечного огня.

В районном Парке Культуры и Отдыха прошел литературно-музыкальный вечер «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр», посвященный 80–летию поэта Мукагали Макатаева. Цель–пропаганда будущему поколению жизни и творчества одного из великих поэтов казахской литературы М. Мукатаева. В программе вечера принял участие сторонник и активный чтец произведений Мукагали, наиб-иман районной мечети Рамазан Сариев, были исполнены песни, написанные на стихи поэта: «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің», «Анашым» и др. Были прочитаны стихи поэта «Жастық»,«Табыт үні», «Махаббат диалогы».

С тематической книжной выставкой «Қазақ поэзиясының асқар шыны» ознакомила заведующая информационно-библиографическим отделом Бирманова Ж.И.

2 июля 2011 года в районном Парке Культуры и Отдыха к 100-летию видного акына К. Аманжолова состоялся литературно-музыкальный вечер «Қазақ жырының алдаспаны».

Цель проведения вечера- пропаганда творчества одного из великих звезд казахской литературы К.Аманжолова. В программе прозвучали стихи поэта, а также стихи в переводе. К.Аманжолов писал стихи не

только на тему героизма, патриотизма и любви, но и известен как композитор. Его песня «Өзім туралы», выдержавшая испытание временем и сегодня часто звучит в исполнении любителей его песен. В ходе вечера детский методист районной библиотеки А. Джумалиева ознакомила присутствующих книжной выставкой «Сыршыл,дауылпаз, поэзия өкілі».

Жәнібек ауылдағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі

Кітапхана алғаш рет 1936 жылы

500 дана кітап қорымен "Қызыл отау" деген атпен ашылып, заман үрдісімен дамып, ілгерілеп, қазіргі заманға сай кітапхана жүйесіне айналды. Бүгінде 17 кітапхана аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуде. ОКЖ-сі штат кестесі бойынша 57- қызметкерлер жұмыс жасайды, оның ішінде 35- кітапханашы мамандар. Кітапхана РАБИС бағдарламасы бойынша жұмыс істейді Интернет желісіне қосылған және электрондық адресі бар. Кітапхана директоры Мархаба Мұсақызы Наринова. Кітапхана 6-ай ішінде - 6725 оқырманға қызмет көрсетті. Кітапхана қоры - 188114 дана. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиет-117297 дана. Кітап берілімі - 147268 дана. Келушілер саны -74154.

Кітапханалар негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары

Қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуын насихаттауда кітапханалар төмендегі құжаттарды басшылыққа алды:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы :

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

- «Қазақстан 2030» бағдарламасы бойынша Қазақстан дамуының стратегиялық

жоспарын жүзеге асыру».

- «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын,

- 2007-2011 жылдарға арналған «Оқуға құштар Қазақстан» бағдарламасын,

- Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Еліміздің өркендеуі мен дамуына зор ықпалын тигізер бағдарламаларды тұрғындарға насихаттап, түсіндіру, оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету бағытында жұмыстанып келеді.

Кітапханада

Әдістемелік, ақпаратты библиографиялық, кітап қорын өңдеу, оқырман қамту бөлімдері жұмыс жасайды. Қосымша қолжазба қоры, жеке кітапханалар қоры жұмыс жасайды. 2007 жылдан Күйгенкөл ауылдық кітапханасы «Модельді ауыл кітапханасы» статусымен жұмыс жасап келеді.

Ақпараттық қорлар

Жыл басынан Жәнібек ауданы бойынша 1 аудандық орталық, 1–аудандық балалар, 8 аудандық орталық, 8 бөлімшілік кітапханалары 188114 дана, оның ішінде қазақ тілінде 117297 дана кітап қорымен аудан тұрғындарына қызмет көрсетті. Сала бойынша шаққанда жаратылыстану 7 %, медицина 5 %, өнер 2%, көркем әдебиет 84%, техника, ауыл шаруашылығы 2%.

Осы алты ай ішінде түскен әдебиеттер саны 1510 дана,оның ішінде қазақ тілінде 1266 дана қаржысы 1 827 055 50 тг. Кітап қоры -188114 дана, қазақ тілінде 117297 дана құрап отыр.

Мерзімді басылымдарға 2011 ж.–1 жартыжылдыққа 612251 мың теңге 73 атау, оның ішінде 34 газет, 39 журнал. Комплектті–381 дана ,оның 211 газет, 170 журнал.

Жаңа әдебиеттер есепке алынып, өңдеу жұмыстары жүргізіліп, «Рабис» бағдарламасына салынуда.

Жергілікті бюджеттен берілген қаржыға 6 ай ішінде 560 мың теңгенің басылымдарына тапсырылыс беріліп қойылды.

Мәдени – көпшілік қызметі

Халықтың сүйікті перзенті, композитор, өнер қайраткері Қапан Мусиннің туғанына 90 жыл толуына орай Ақоба, Күйгенкөл ауылдық кітапханаларында «Тау мен дала симфониясы» кітап көрмесі дайындалып, танымдық кеш оздырылды. Кеште композитордың өмірі, өнер жолындағы туындылары туралы айтылып өтілді.

Аудан әкімі Рыспай Құрманұлы Өтешевтің қатысуымен аудандық мәдениет үйінде бір топ мәдениет қызметкерлерін жемісті еңбегі үшін жезтаңдай әнші Ғ. Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай шығарылған мерекелік медальмен марапаттау рәсімі болды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеп ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Дәулеткерей Құсайынов аудан мәдениет қызметкерлерінің өткен барыс жылындағы қол жеткізген табыстарын, облыстық деңгейдегі айтулы өнер додасында жақсы қырларынан көрініп, танылғандарын жан-жақты баяндап берді.

Одан әрі аудан әкімі біздің ауданда да өнегелі, өрісті өнерлерімен көрермендердің ықыласына бөленіп жүрген қабілетті өнерпаздардың бар екендігін айта келіп,солардың бір тобына халқымыздың күміс көмей әншісі Ғарифолла Құрманғалиевтің мерейтойына арналған мерекелік медальді салтанатты түрде табыс етті. Құрметті марапатты өңіріне таққан аудандық «Жәнібек сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі А.Кенжеғалиева, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлім меңгерушісі Бірманова Жеміс және аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас бухгалтері Бибигүл Харесовалар ие болды.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне барлық кітапханаларда «Ынтымақ достық кепілі» көрме жасақталды. Қамысты Ұзынкөл, Жақсыбай ауылдық кітапханаларында. “Қазақстан достық шаттықтың мекені” атты лекциялар оздырылды

8 мамыр қүні Ұлы Жеңіс 66 жылдығына барлық кітапханаларда «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында көрмелер жасақталып, Талов, Тау, Күйгенкөл, Жақсыбай ауылдық кітапханаларында тыл ардагерлерінің қатысуымен «Ұмытылмас ерлік», «Қаһарлы жылдар шежіресі» тақырыптарында түрлі кештер ұйымдастырылды.

Елбасы жарлығымен 4 маусым мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл мемлекеттік рәміздерге деген шынайы құрмет белгісі, олардың қоғам өмірінде алатын айрықша орнына орай көрсетілген мемлекеттік қолдау еді.

Мемлекеттік рәміздер күнін меркелеуде әрбір Қазақстан азаматының мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін дамытып, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыруға, Елбасының саясатын халыққа түсіндіруде барлық кітапханаларда «Туың биік, мәртебең жоғары болсын - Қазақстан» тақырыптарында көрмелер жасақталып, Аудандық кітапхана, Күйгенкөл, Ақоба ауылдық кітапханаларында «Мақсатымыз ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу», «Мемлекеттік рәміздер мәртебеміз» тақырыптарында түрлі кештер, Жақсыбай, Қамысты, Ұзынкөл кітапханаларында «Елдіктің бір белгісі – рәміздер», «Әлем көгінде көк байрақ» тақырыптарында кештер оздырылды. Аудандық балалар кітапханасында «Жәнібек» балалар бақшасымен бірлесе отырып «Рәміздерім мақтанышым» ертеңгілік өткізіліп, ту елтаңба, әнұран туралы жеке – жеке түсініктер берілді. Ертеңгілік барысында «Менің Қазақстаным» әні шырқалды

2007-2011 жылдарға арналған«Оқуға құштар Қазақстан» бағдарламасындағы «Бір ел-бір кітап»акциясы биыл бесінші рет ұйымдастырғалы отыр.Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен өткізіліп келе жатқан «Бір ел–бір кітап» акциясы аясында өз оқырмандарына «Ақбілек» романын насихаттауда барлық кітапханаларда «Ж.Аймауытов–жаңашыл ақын, жазушы» тақырыптарына көлемді көрмелер шығарылды. Көрмеге жазушының «Ақбілек» романы, Таңдамалы шығармалырының 1-2-3 томдары, Ш.Елеукеновтың «Қазақстан тәуелсіздік кезеңінде», А.Сатаевтың «Төл тарихымыздың тұнығынан» кітаптары мен ол туралы жазылған Д.Досжанның «Абақты», «Бес арыс» атты әдебиеттері және басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.

Қамысты ауылдық кітапханасында «Қазақ тілінің жанашыры» тақырыбында мектеп оқушылары қатысуымен әңгіме өткізілді. Кеште ақынның өмірі мен шығармаларын, «Ақбілек» романын және басқа шығармаларын насихаттап өтті. Борсы ауылдық кітапханасында жоғарғы сынып оқушылары мен жастардың қатысуымен «Ақбілек» романынан «Өмір тауқыметін тартқан Ақбілек» атты әңгіме оздырылып, Ақбілек бейнесі жөнінде түсініктер берілді. Аудандық кітапханада оқырмандарға «Қазақ әдебиетінің алыбы–Ж.Аймауытов» көрмесіне шолу жасап өтсе, оқырмандарды осы романды көптеп оқуға насихаттауда ақпаратты библиография бөлімі «Жүсіпбек шығармалары–халық мұрасы» ұсыныс тізім жасақтады.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай

Үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні

облыс әкімі Бақтықожа Салахадинұлы Ізмұханбетов іс-сапармен ауданға келіп, ипотекалық үйдің ашылу рәсіміне қатысып, күрделі жөндеуден өткен балалар кітапханасын, сондай-ақ, оның жоғары қабатында орналасқан қоғамдық негіздегі мұражайды да көріп, кітапхананың оқу залындағы түрлі сала бойынша жинақталған әдебиеттермен танысты. Мұражай бөлімдерінде болғанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және қоғам, мемлекет, ғылым қайраткерлеріне арналған деректер мен дәйектерге баса назар аударып, олардың көпшілігімен жақсы таныс екендігін аңғартты.

Жас ұрпақты халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, үйренуге, бір кездері ұмыт қалып, бүгінде халқымызға қайта оралған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін оқырмандарға насихаттау мақсатында өткен «Наурыз көктем – шуағын төккен» атты мейрам ұйымдастырылып мектеп оқушылары мен №9 Кәсәптік лицей оқушылары қатынасты. Шара барысында кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, Наурыз мерекесі туралы күн мен түннің теңесуі туралы көрініс көрсетіліп, өлеңдер оқылып, әндер шырқалды

Сондай-ақ, аудандық балалар кітапханасында халқымыздың салт-дәстүрлеріне байланысты танымдық кеш оздырылды. Әжелер шашу шашып, Наурыз көжеден дәм татқызып, оқушыларға мерекелік дастархан әзірленді. Шара соңында «Құт әкелген Наурыз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Сонымен қатар ауданда өтілген наурыз мерекесінде аудандық кітапхана қызметкерлері әр көрініске сценарилер құрастырып «Тәуелсіздіктің ұлы көші» театрландырылған қойылымдарға қатысып, салт-дәстүрлер көрсетті. Осындай шаралар барлық ауылдық кітапханаларда өткізілді.

Сәуір айы ішінде ауданға белгілі радиожурналист, сатирик-ақын, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Рашид Есетұлы Шақудың оқырмандармен кездесуі өтіп, оған әдебиет сүйер қауым қатысты. Кездесуде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мархаба Наринова ақынға «Елге қош келдіңіз» айтып,оқырмандардың оның «Парасат» журналында және «Қазақ әдебиеті», «Орал өңірі» газеттерінде жиі жарияланатын сатиралық өлеңдерін қызыға да тұшына оқитынына тоқталып, сөзінің соңында тарту-таралғы ретінде шағын сыйлық ұсынды.

Аудандық балалар кітапханасында 2

сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап-адал, ақ пейіл, асыл дос» тақырыбында әдеби-сазды кеш «Жас өлкетанушы» клуб мүшелерімен өткізілсе, 23 сәуір Халықаралық кітап күніне орай «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» жыл оқырман бенефисі оздырылып, Т.Жароков жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Бекмұханбетова Меңсұлу «Жыл оқырманы–2011» номинациясын жеңіп алды.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына

арналған «Егемен елдің ертеңіміз» атты балалар шығармашылығына арналған аудандық «Балдәурен» фестивалі өтті. Фестивальға әр ауылдық округтен және аудан орталығындағы мектеп оқушыларынан–103 үміткер қатысты. Қатысушы үміткерлерді әр ауылдың кітапханашылары даярлап, ауданға алып келді. 2 күндік өткізілген фестивальдің бірінші күнінде аудандық кітапхананың әдіскері А.Жумалиева қатысушыларды аудандағы ескерткіштерге тағзым ету, күрделі жөндеуден өткен аудандық балалар кітапханасы мен мұражайды, жылыжайды, Қ.Мусин атындағы саз мектебін, саябақты т.б орындарды таныстырумен бастады. Фестивальға қатысқан үміткерлерге арнайы аудандық «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде кешкі алау жағылып, би кеші ұйымдастырылды.

Мұқағали Мақатаевтың 80 жыл толуына

орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш аудандық мәдени демалыс саябағында оздырылды.

Мақсаты: қазақ әдебиетінің сөз зергері көрнекті тұлғалардың бірі М.Мақатаевтың өмірі мен шығармалары жөнінде кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Кеш барысында ақынның өмірбаяны, Мұқағали шығармаларын сүйіп оқитын оқырман, мешіттің наиб-иманы Сариев Рамазан Мұратұлы сөз алса, ақынның «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің», «Анашым» т.б. әндері орындалды. Ақынның «Жастық», «Табыт үні», «Махаббат диалогы» т.б өлеңдері насихатталды. «Қазақ поэзиясының асқар шыңы» атты тақырыптық көрмемен ақпаратты –библиография бөлімінің меңгерушісі Бірманова Жеміс Смайылқызы таныстырды

2 шілде 2011 жылы қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай мәдениет және демалыс саябағында «Қазақ жырының алдаспаны» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты: қазақ әдебиетінің биік аспанындағы жарық жұлдыздарының бірі-Қасым Аманжоловтың шығармаларын насихаттау.

Кеш барысында ақынның өлеңдері, аудармалары оқылды. Қасым Аманжолов өзінің ақындығымен қатар ерлік пен қайсарлық, махаббат тақырыбына жазған асқақ өлеңдеріне әсем әуен жазған сыршыл композитор.Оның «Өзім туралы» әні уақыт сынынан өтіп, бүгінге дейін ел арасында жиі айтылып жүрген әндер қатарында.



Кеш соңында «Сыршыл, дауылпаз, поэзия өкілі» атты тақырыпты көрмемен аудандық кітапхана әдіскері Жұмалиева Алмагүл Амангелдіқызы таныстырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет