«Астана Медициналық Университеті»КеАҚ
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
БӨЖ 7
Тақырыбы: Микроэлемент алмасуының бұзылыстары
Орындаған:
Кайрушин Мейрамбек
Топ:
331 ЖМ
Қабылдаған:
Халиева А.Е.
Астана2022ж
Ситуациялық тапсырма
55 жастағы науқаста, ауыр жағдайдан 2 аптадан кейін бас ауруына шағымдар,
ауырсыну, ентігу, жүрек соғысы,буын ауруларына шағымданады.Ол соңғы
аптада көп салмақ түсірді.Диурез күрт төмендейді.Сонымен катар анемия,
қан аздық пайда болған.
1)Науқастағы бұзылыстардың себебін сипаттаңыз.
2)Микроэлемент жетіспеушілігінен кандай ауру туындауы мүмкін?
3)Анемия,қан аздық кандай элемент жетіспеуінен туындауы мүмкін?
Жауабы:
1)Жас үлкейе келе адамда молибден мөлшері жоғарлайды.Организмдер
жасушаларында өте аз мөлшерде (0,01%-дан аз) тіршілік үшін маңызды
элементтер кездеседі. Олар микроэлементтер тобын құрайды. Бұлар: мырыш,
молибден, мыс, фтор, бор, марганец, алюминий және т.с.с. Осы
элементтердің қандай да біреуінің пайыздық мөлшері оның организмдегі
маңыздылық көрсеткіші болып табылмайды. Олардың біреуінің
жетіспеушілігі не артық болуы организмнің тіршілігіне, іс-әрекетінің
бұзылуына, аурулардың дамуына әкеліп соқтырады..
2)Молибденнің артық мөлшерінен адамда подагра ауруы дамиды. Жедел
подагралық қабыну басталғанда буын қуысында урат микрокристаллдары,
комплемент жүйесінің белсенді компоненттері, кининдер жинала бастайды.
Соның салдарынан қантамыр өткізгіштігі артып, эндотелийге
нейтрофильдердің жабысуы және буын қуысына нейтрофильдер түседі. Буын
қуысына нейтрофильдер түскен сәтте фагоцитоз процесі басталып,
нейтрофильдер түскен жерге лизосомальды ферменттер мен цитокиндердің
(ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, ФНО-альфа) жиналады.
3)Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы
пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам
қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен
болса, қанның қызыл жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап,
тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың
құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді.
Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен
немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2011ж. 700б.
2.
https://kazmedic.org/archives/3374
Достарыңызбен бөлісу: |