В. В. Докучаев бойынша топырақтың анықтамасы



Дата18.12.2022
өлшемі13,92 Kb.
#163180
Байланысты:
Документ (1)
лирика түрлері, қазіргі қазақ әдебиеті 1 модул, Реферат 7 тема

1.В.В.Докучаев бойынша топырақтың анықтамасы
В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар,ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан.Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен,түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.
2.Тұқым себу мөлшерінің анықтаудың маңызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет