Жануарлар шикізатынан матрицалық тұнбаны өндіру.
Гомеопатиялық бастапқы тұндырма - жас немесе кептірілген ӛсімдік немесе жануар шикізатынан (жануарлардың жеке мүшелерінен, жас ӛсімдік сӛлінің этанолмен қоспасы (эссенция)) алынған, сулы- этанолды немесе этанолды сығындылар. Тұндырмалар әртүрлі гомеопатиялық препарттар дайындау үшін пайдаланады, кейбір жағдайда оларды таза түрде ішке және сыртқа қолданады. Экстрагент ретінде ережедегідей этанолдың әртүрлі процентті (масса бойынша) концентрациясын пайдаланады. Экстрагент концентрациясы және оның кӛлемі жеке фармакопеялық мақала нұсқауына сәйкес келуі керек.
Мысал ретінде арадан алынған тұндырма дайындауды келтіруге болады. Құтыға тірі араны салады, салмағына екі еселенген мӛлшердегі 62 % этанолмен ӛңдейді, сосын фарфор келіде ысқылайды, тағы сегіз салмақтық бӛлікте 62 % этанол қосады, оны 14 күнге қалдырады, күнсайын күніне үш рет шайқайды. Алынған тұндырманы сықпай фильтрлейді. Екіншілік және үшіншілік ондық сұйылтуларды 62 % этанолды қолдана отырып дайындайды, ал жоғары сұйылтуларды алу үшін оның 43 % ерітіндісі қолданылады. Тұндырманы және оның 2D мен 3D сұйылтуларын абайлап (Б тізімі) сақтау қажет. Ара денесінен алынған «Апис» препараты және ара уынан алынған «Апизин» препараты капиллярдың ӛткізгіштігін күшейтеді, терінің ісінуі және ӛткір қабынуда қолданады. Қабылдау уақыты – күндіз.
Достарыңызбен бөлісу: |