Гомеопатиялық препараттардың дисперсиологиялық жіктелуі.
Гомеопатиялық препараттардың агрегаттық жағдайы мен дозалану ерекшеліктері бойынша жіктелуі.
Қазіргі кезде гомеопатиялық заттар монопрепараттар және комплексті препараттар болып жіктеледі: монопрепараттар және комлексті препараттар.
Монопрепараттар – бір потенцияда бір дәрілік затты құрайды. С. Ганеман науқасқа бір уақытта бір медициналық субстанциядан артық қабылдауды ұсынбаған.
Бірақ соңғы жылдары комплексті дайындау тенденциясы және белгілеу әсіресе ӛндірістік жағдайда байқалады. Олардың кең клиникалық қолдануы, кӛп ауруларды емдеу және алдын алу шараларын жоғары мүмкіндікте кӛрсетеді.
Аллопатиялық заттармен емдеу терапияның осы препараттарымен жақсы үлеседі.
Комплексті препараттар – бір түрде болатын:
• бірдей потенцияда минимум екі зат – жай келісім;
• бірнеше потенцияда минимум бір әсер етуші зат . Сол кезде бір
потенцияның жанама әсері екінші потенцияның әсерімен жойылады;
бірнеше потенцияда бірнеше әсер етуші заттар. Мысалы: «HEEL» фирмасы 4 түрлі комплексті препараттарды шығарады;
• арнайы бекітілген кӛрсеткіштер кәдімгі терапия түрінде қолданылады.
• гомаккорды – созылмалы ауруларды емдеу үшін қолданылады. Олардың құрамына бірнеше негізгі заттар кіреді. Олардың әрқайсысы тӛмен және
жоғары сұйылту теңестірілген келісімде кӛрсетілген;
• меншікті комплексті препараттар құрамы бойынша едәуір күрделі.
Кіретін компоненттер және қолдануға сәйкес келетін кӛрсеткіштер
спецификасымен негізделген;
• катализаторлар - әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың жасушаларында
энергия алмасу бұзылуында кӛрсетілген созылмалы ауру терапиясында
пайдаланады.
Гомеопатияда – науқасқа бір кезде әртүрлі екі дәрі берілмеуі шынайы,
қарапайым және табиғи емдеу ӛнері.
Ірі гомеопатиялық дәріхана 10 бӛлімге дейін болуы мүмкін. Оның ішінде
ӛндірістік ереже бойынша екеу: ӛндірістік- рецептуралық бӛлім және ӛндірістік гомеопатиялық бӛлім.
Ӛндірістік рецептуралық бӛлімде гомеопатиялық орталықтар рецепті бойынша түйіршіктер, тамшылар, жағар майлар, майлар жасалынады.
Ӛндірістік гомеопатиялық бӛлімінің дефектарында дайындайды:
1) тинктуралар (бастапқы тұндырма ) ең алдымен кептірілген дәрілік ӛсімдік шикізатынан мацерация әдісімен В. Швабе жетекшілігі
бойынша немесе 4 фармакопеялық мақалаға сәйкес;
2) минералтды заттармен химиялық қосылыстардың сулы- этанолды
ерітіндісі;
3) МФ XI басылымының No2 кестесі бойынша этанолды сұйылту;
4) бастапқы тұндырманы және субстанцияны сұйылту С2, С5, С11, С29
потенцияларына дейін, рецептер жазылымында едәуір кең тараған С3, С6, С12, С30 сұйылтуларды ескере отырып;
5) 43 % этанолмен бастапқы тинктура потенциясы D1. D2 – ге дейін D2. D3 тамшыларда едәуір жиі жазылғандықтан.
Этанол шығынын бӛлім меңгерушісі арнайы журналда есептеп тіркейді. Әр 10 күн сайын 43 және 62 % этанол ӛндірісті гомеопатиялық бӛлімінің ассистент бӛлмесіне түседі.
Спирт пен судың санын әр бастапқы концентрацияға есептеуге болады. Мысал ретінде бастапқы концентрациясы 96,4% этанолды алайық. МФ алкоголеметриялық No1 кестесіндегі этанолдың кӛлемдік концентрациясы (96,4%) мен массалық концентрациясы (94,43%) арсындағы сәйкестік бойынша табылады.
Эквивалент заңы бойынша С1 М1 = С2М2 осыдан:
94,43 х М1 =15 х1000,0
М1 = 15 000/ 94,43 = 158,8≈159 г этанолдың бастапқы концентрациясы. Тазартылған судың массасы 1000 – 159 = 841 г
Ӛндіріс – рецептура бӛлімінің меңгерушісі әр концентрация бойынша арнайы журналда спирттің есебін жүргізеді.
Сұйылту немесе препаратты дайындау бӛлмесі тікелей күн кӛзінен қорғалған болуы керек.
Гомеопатиялық препараттарың 75 %-ке жуығын ішке қолдануға арналған дәрілік түрлер құрайды. Ең үлкен дәрілік топ – «түйіршіктер» дәрілік түрі 39- 40 % -ке жуық, одан кейін «тамшылар» 24 % -ке жуық. «Жағар майлар» - 10- 11%-ке жуығын құрайды.
Бастапқы шикізаттарды біріншілік ӛңдеу екі технологиялық схемамен жүзеге асырылады: сұйықфазалы (этанолда тұндыру) және қаттыфазалы (лактозамен ысқылау). Біріншілік ӛңдеу ӛнімі әрі қарай ӛңдеуге - әртүрлі дәрілік түрлердің динамизация процесін талап етеді.
Қолданылатын дәрілік түрді таңдау бастапқы материалға және науқастың жеке жағдай ерекшелігіне тәуелді. Урсубстанцияда ерімейтін зат (Мысалы: алтын) тӛмен потенцияда қатты дәрілік түрде ғана тағайындауға болады:
таблеткалар немесе ысқылау. Жарықтың, температураның әсерінен (мысалы: бром) сүт қантымен араластырылған кезде еритін заттар немесе заттар ӛзгеруі және қауіпті қасиеттер кӛрсетуі мүмкін. D 8 – ге дейін сумен сұйылтады.
Баларларға жиі құрамында этанолы бар ерітінділерді қолдана алмайтындықтан, оларға арналған «тәтті түйіршікті» дәрілік түрлер шығарылған.
Гомеопатялық тәжірибеде доза - аурудың жеке ерекшелігін және потенцирлеу жағдайы кезінде сұйылтуды есептеу, тритурация массасын және энергия құрамындағы белгілі сандарды (тамшы ), энергия және зат мӛлшерін білдіреді.
Гомеопатияда дозалар ағзаның реакциясына байланысты үлкен және кіші болып бӛлінеді. Әзірше оқытылып жатқан заттар біртекті эффект береді, дозалау үлкен болып саналады. Эффект қарама-қарсы ӛзгерген кезде, онда доза кіші болып айтылады.
Үлкен доза- ұқсас ауруларда патологиялық симптомдарды кӛрсететін тӛмен сұйылтулар.
Мылқау доза (немая доза) – эффекттің жоқтылығы (орташа сұйылтуларда жиі орын алады.)
Кіші доза - емдік эффектт і қамтамасыз ететін жоғары сұйылтулар. Мысал ретінде келтіруге болады: • адреналин. Концентрацияда 10-6 - классикалық эффект- буындар спазмы кезінде қолданады. Келесі сұйылтуда эффект кӛрсететін, 10 –33 сұйылту кезінде парадоксальды эффект – буындардың кеңеюі кезінде қолданады.
• ӛсудің эпидермальдық факторы. Сыртқы қабаттардың жазылуына арналған максимальды терапевтикалық концентрациясын күніне 10 мг/л ден екі рет қабылдайды. Концентрация және қабылдау жиілігінің кӛбеюі терапевтикалық белсенділігінің күшеюін болдырмады. 100 мг/л концентрация кезінде препаратта кӛрсету керек эффекті байқалмады. Жасуша жүйесін емдеу үшін 0,1 – 10 нг/мл концентрациясы эффективті.
• нитрозометилмочевина (супермотаген). Жоғары сұйылтуларда 10 –26 биологиялық стимулятор болып табылады; 10 –26 – бұл концентрация, яғни 1 см3 – та (мл) бір молекулалы затты –табу ықтималдылығы нӛлге тең.
Гомеопатияда дәрілік түрлерге байланысты әртүрлі қабылдау ұсыныстары берілу мүмкін. Мысалы: тритурацияны бірреттік қабылдауы шыны қалақша 0,2г – ға сәйкес келеді. Тритурацияны таңертең аш қарында тамақтану алдында жарты сағат бұрын қабылдайды. Екінші қабылдау сол күні кешке, ара қашықтығын сақтай отырып қабылдау қажет. Тритурация қабылдау кезінде тіл астына салып сору керек.
Гомеопатиялық түйіршіктерді бір реттік қабылдауға 8 түйірден, яғни 0,25г жуық белгілейді. Бақылауда кӛрсеткендегідей жиі жоғары потенциялы бір түйір нәресте және қарт адамдарға жеткілікті.
Жоғары потенциялы бір таблетка әсері бойынша 5-8 сұйық потенциялы тамшыға сәйкес келеді.
Сұйық дәрілік препараттарды бір қабылдауға 5,8,10 тамшыны бір шәй қасық суда белгілейді. 5 тамшының массасы 0,25 г жуық.
Психикалық ауруларға жоғары потенцияда жиі 1 тамшы сұйылту жеткілікті, әсіресе қозу фазасында.
Гомеопатиялық препаратты қатаң кезекті ретімен белгілі уақыт арасында қабылдайды.
Сыртқа қолдануға арналған (баспаға, шаюға, қыздыру компрес және т.б.) тинктуралар және эссенциялар ерітінділерде қолданылады (100 мл қайнатылған немесе тазаланған суға 20 тамшы).
Доза және емдеу курсын таңдау кезінде гомеопат дәрігер гомеопатия - реттейтін терапия екендігін, ағзаның реакциясын стимулдейтін, ағзаның қозуын кӛрсететітінін үнемі есте сақтайды. Дәріні ағза оған жауап бергенше белгілейді. Тӛмен ондық потенция дәрілерімен емдеуді жиі қайталауға болады. Жүздік потенция апта және айлардан кейін әсер етеді. LM потенциясындағы препаратты күнделікті беруге болады, бірақ күтуге де болады. Бірдей дәрілерді жоғарылау потенцияда ӛсу интервалында ұзақ уақыт бойы белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |