В072-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша «Гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы» пәні бойынша №2 Аралық бақылау сұрақтары 2021-2022 оқу жылына арналған


Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар)



бет4/36
Дата01.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#133765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1РК ответы

Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар)
Гомеопатияда қатты дәрілік қалыптарды сүт қантымен ұнтақтап алады. Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік затты 9,9 г сүт қантымен, ондық шкала бойынша 1 г дәрілік затты 9 г сүт қантымен араластырып фарфор келіде ұнтақтап алады. Осы сияқты 1г жүздік сұйылтуды немесе 1г ондық сұйылтуды 99г немесе 9г сүт қантымен ұнтақтап екінші жүздің немесе екінші ондық сұйылту алады. «Гомеопатиялық дәрілік құрамдар» нұсқаулығы бойынша 1 сұйылтуға 1 сағат уақыт кетеді. Бұл жағдайда сүт қантын 3 бөледі. Бірінші бөлігін келіге салып, келіде бірнеше рет араластырып, келі тесіктерін бітегенннен кейін дәрілік затты қосады. 6 минут бойына ұнтақтап, 4 минут пластикалы қалақша сапырады. Осы операция тағы бір рет қайталанады. Содан кейін сүт қантының екінші бөлігін келіге салып, тағы екі реттен ұнтақтап, екі рет сапырады. Сүт қантының үшінші бөлігімен осы үрдістер қайталанады.
Тритурацияларды сулы немесе этанолды ерітінділерден де дайындайды. Бұл кезде 2 тамшы сулы немесе 4 тамшы спиртті 9,9 г сүт қантымен ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алынады.
Тритурацияларды эссенция мен тұндырмалардан дайындағанда: а) эссенцияның 2 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен ұнтақтап, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; б) эссенцияның 3 бөлігін 99 сүт қанты бөлігімен араластырып ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; в) тұндырманың 1 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен араластырып ұнтақтайды (1 немесе 2х сұйылту).
Гомеопатиялық тритурация (ұнтақты ысқылау) – дәрілік зат ұнтақ қоспаларынан, сұйық препараттардан немесе қосымша заттардың сұйылтуларынан тұратын ұнтақ тәрізді қатты дәрілік түр. Тритурацияны дайын дәрілік түр ретінде ішке қолдануы, сондай-ақ әртүрлі белгілеудегі басқа гомеопатиялық дәрілік түр дайындау үшін қолдануы мүмкін. Әдетте тритурацияны дайындау С3 аяқталады, келесі сұйылтуларды сұйық ретінде дайындайды. Тритурациядағы дәрілік заттардың концентрациясы 1: 10 немесе 1: 100 қатынаста көрсетіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет