1 кредит (бейорганикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
|
|
|
|
|
|
|
2 кредит (органикалық химия)
|
доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы, 2015 ж
Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылды « » 2015 ж., хаттама №1.
Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев
№1 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫБЫ: Химиялық реакциялар термодинамикасы мен кинетикасының негіздері. Бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жорлмен анықтау. Химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсері.
МАҚСАТТАРЫ:
Химиялық термодинамика мен кинетиканыңі негізгі түсініктерін қалыптастыру;
бейтараптау реакциясы мысалында химиялық реакцияның түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтауды үйрету;
химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін тәжірибелік жолмен дәлелдеу;
химиялық тәжірибенің жүргізілу принциптері мен оның нәтижелерін талдауға дағдыландыру;
құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру.
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
химиялық термодинамика мен кинетиканың негізгі түсініктері жайлы ақпарат беру;
нақты есептерді шығаруда қажет болатын әртүрлі термодинамикалық параметрлердің стандартты шамасын табу үшін анықтамалық әдебиетпен жұмыс істей білуге үйрету;
бейтараптау реакциясының түзілу жылуын тәжірибелік жолмен анықтай білуге, реакцияның стандартты энтальпиясын есептей білуге және оны анықтамалық мәнімен салыстыра білуге үйрету;
жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде химиялық реакция жылдамдығына температура мен әрекеттесуші заттар концентрациясының әсерін сипаттай білуге үйрету;
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
Химиялық лабораториядағы техника қауіпсіздігі.
Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері.
Classification of thermodynamic systems
Реакцияның стандартты жылуын тәжірибелік жолмен анықтау.
Химиялық реакция жылдамдығы. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.
Химиялық реакция жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін тәжірибелік жолмен дәлеледеу және реакция ретін анықтау.
ОҚЫТУ әдістері:
1. Үйлескен түрде:
- материалды мәселелік түрде баяндау (студенттерде гипотезаларды ұсыну, алдын-ала қорытындылар және ойларын түйіндей білуді дамыту);
- әңгімелесу (құқықтық компетенцияны қалыптастыру мақсатында пәннің саясатын және техника қауіпсіздігінің ережелерін бірге талқылау);
- шағын топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмыс жасау және оның нәтижелерін талдау).
2. Ойын түрінде оқыту әдісі «Молекулааралық бәсеке»
Достарыңызбен бөлісу: |