Қорытынды: Түзілген зольдер мицеллаларының формуласын жазыңыз; пептизация типін көрсетіңіз, пептизация әдісінің маңызын сипаттаңыз.
6 тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ІІІ) гидроксиді золін тазалау» Мақсаты: Диализ әдісін меңгеру.
Жұмыстың орындалу тәртібі: Жартылай өткізгіш мембрана ретінде коллолийлі қапшыққа 3 мл жаңа дайындалған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды және оны дистилденген суы бар стаканға салып қояды. 15 мин өткен соң стакандағы судан сынама алады және онда хлорид-иондарының бар екенін бірнеше тамшы күміс нитраты ерітіндісін тамызу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін екінші сынауыққа дистилденген судан алып, оған 1-2 тамшы АgNО3 ерітіндісін тамызады.
Қорытынды: Диализ әдісінің маңызын түсіндіріңіз.
7 тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау» Жұмыстың орындалу тәртібі: Жарықтандырғыш қондырғы – ішкі жағы қара түске боялған және қабырғасында диаметрі шамамен 1 см болатын тесігі бар камера. Камераға күшті жарықтың көзі орналастырылған (қуаттылығы жоғары электрлік лампа). Коллоидты ерітіндісі бар кюветаны сәуле шоғырының жолына қояды. Дәл осындай тәжірибені шын ерітіндімен қайталайды.
Қорытынды:Көрген құбылыстарды сипаттаңыз. Себебін түсіндіріңіз.
8 тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау» Мақсаты: Боялған зольдердіңі заряд таңбасын анықтау.
Әдістің маңызы:Сүзгі қағазы капиллярының қабырғалары суда сутек ионын бөліп шығарып, теріс зарядталады.
Оң зарядталған коллоидты бөлшектер капилляр қабырғаларында адсорбцияланады, ал су олар арқылы оңай өтіп кетеді. Нәтижесінде сүзгі қағазында үлкенірек түссіз су аумағы бар кішірек боялған дақ пайда болады.
Зольдердің теріс зарядталған коллоидты бөлшектері капилляр қабырғаларынан тебіледі, нәтижесінде сүзгі қағазында кішірек түссіз су аумағы бар үлкен боялған дақ пайда болады.