Реактивтер: көк лакмус қағазы
Этил спирті, глицерин және фенол бар пробиркалардағы ерітінділерге (1 жұмыс) лакмус қағазын батырады. Оның түсі өзгермейді. Спирттерді бейтарап қосылыстар деп есептеуге болады. Фенолдар суда қышқылдық қасиет көрсететін болғандықтан диссоцияцияланады.
Реакцияның химизмі:
Бірақ фенол өте әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Ол көмір қышқылынан да әлсіз болғандықтан лакмус қағазының түсін өзгертпейді.
№ 3ЖҰМЫС. ГЛИЦЕРИННІҢ СІЛТІЛІК ОРТАДА МЫС (II) ГИДРОКСИДІМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.
Реактивтер: глицерин, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, 2% мыс сульфатының ерітіндісі.
Пробиркаға 2-3 тамшы натрий гидроксидінің, 1тамшы мыс сульфатының ерітінділерін тамызады, мыс гидроксидінің көк түсті тұнбасы түзіледі.
Тұнбаға 1тамшы глицерин ерітіндісін тамызады да шайқайды. Тұнба ериді де қою-көк түсті мыс глицератының ішкі комплексті қосылысы түзіледі.
Реакцияның химизмі:
Мұндай қосылыс түрін хелатты қосылыс (грек тілінен - хеле - қайшы тәрізді) деп атайды. Мыс глицератының сілтілік ерітіндісі зәрдегі глюкозаны ашуға қолданылады.
Реакцияның химизмі:
№ 4 ЖҰМЫС. НАТРИЙ ФЕНОЛЯТЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫ-МЕН ЫДЫРАУЫ.
Реактивтер: 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі , 7% тұз қышқылының ерітіндісі.
Фенолдың судағы лай ерітіндісіне (1жұмыс) тамшылатып мөлдір натрий феноляты түзілгенше натрий гидроксидін тамызады.
Реакцияның химизмі:
Спирттерге қарағанда фенолдар әлсіз қышқылдық қасиет көрсететіндіктен, олар метал натриймен ғана емес натрий гидроксидімен де әрекеттесіп натрий фенолятын түзеді. Ерітіндіге бірнеше тамшы тұз қышқылын лайланғанша тамызады. Бұл фенолдың бөлініп шыққандығын білдіреді.
Реакцияның химизмі:
№ 5 ЖҰМЫС. ЭТИЛ СПИРТІНІҢ ХРОМ ҚОСПАСЫМЕН ТОТЫҒУЫ.
Реактивтер: этил спирті, хром қоспасы.
Құрғақ пробиркаға 3тамшы хром қоспасын және 1тамшы этил спиртін тамызады. Аздап қыздырады. Қызыл қоңыр ерітінді жасыл түске боялады және сірке альдегидіне тән иіс сезіледі.
Реакцияның химизмі:
№ 6 ЖҰМЫС. ФЕНОЛДЫҢ ТЕМІР ХЛОРИДІМЕН (III) РЕАКЦИЯСЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |