В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет78/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары

    1. Бренстед - Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед - Лоури теориясына сәйкес қышқыл мен негізге анықтама беріңіз.

    2. Нормада және патологияда адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәндері рН различных жидкостей человеческого организма в норме и при патологии. Неліктен ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажет?

    3. Иондану дәрежесі мен константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.

    4. Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?

    5. Ацидоз деген не? Метаболиттік және респираторлық ацидозды қандай себептер тудырады? Алкалозға түсініктеме келтіріңіз. Алкалоздың пайда болу себебіне не жатады?

    6. Күшті және әлсіз қышқыл ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді? Күшті және әлсіз негіз ерітінділеріндегі гидроксил иондарының концентрациясын қалай есептейді?



Тесттер
1. 25 °С-де бейтарап орта және таза су үшін
1) рН = 7
2) рН > 7
3) рН < 7
4) [Н+] = 10-7 моль/л
5) [Н+] < 10-7 моль/л
2. Егер Сн+ = 10-4 моль/л болса, Сон- (моль/л ) тең болады
1) 14
2) 10-14
3) 10-7
4) 10-10
5) 10-4
3. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісі үшін дұрыс тұжырым
1) [H+] = 10-11 моль/л
2) [OH-] = 10-11 моль/л
3) [H+]  [OH-]
4) [H+]  [OH-] = 10 -14
5) [H+]  [OH-]
4. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 бір қышқылды әлсіз негіз ерітіндісі үшін иондану константасы Kb (моль/л) тең
1) 10-2
2) 10-3
3) 10-4
4) 10-5
5) 10-6
5. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану кончстантасы Ка =10-7 бір негізді әлсіз қышқыл ерітіндісі үшін иондану дәрежесі  тең
1) 0,1
2) 0,01
3) 0,001
4) 10-4
5) 10-5
6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына кіреді
1) Na3PO4
2) Na2HPO4
3) NaH2PO4
4) Na3PO4
5) Ca3(PO4)2
6. 10 мл қанға 2 мл Сн(НСl) = 0,1 моль/л тұз қышқылын қосқанда рН 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгерді. Қанның буферлік сиымдылығын (ммоль/л) анықтаңыз
1) 200
2) 100
3) 50
4) 150
5) 75
7. 0,1 М құмырсқа қышқылының 200 мл ерітіндісіне 100 мл 0,1 М натрий формиатының 100 мл ерітндісін қосқанда (рК(НСООН) = 3,75) пайда болған ерітндінің рН-ң мәні тең
1) 4,40
2) 4,05
3) 3,75
4) 3,45
5) 2,65
8. Алкалоз кезінде
1) ағзаның реакция ортасы сілтілік бағытқа қарай ығысады
2) сутек иондарының концентрациясы артады
3) сутек иондарының концентрациясы кемиді
4) рН өзгермейді
5) рН артады
9. Фосфатты буферлік жүйеге HCl қосқанда
1) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
2) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
3) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды
4) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді
5) иондардың концентрациясы өзгермейді
10. Өкпеде СО2 мөлшерінің көбеюіне әкеліп соғатын, өкпенің тыныс алу қызметтерінің бұзылуынан туындайтын -бронхит, өкпе қабынуы тәрізді аурулар кезінде
1) метаболиттік алкалоз байқалады
2) респираторлық алкалоз байқалады
3) респираторлық ацидоз байқалады
4) метаболиттік ацидоз байқалады
5) таза ауада серуендеуге кеңес беріледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет