В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет22/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

ДӘРІС ТезисІ:
Биологиялық процестерде аралас функционалды қосылыстардан тұратын, негізінен гетерофункционалды қосылыстар. Олар аталады: 1) ағзада зат алмасуға қатысатындықтан, заттар, метаболиттер; сонымен бірге 2) дәрілік препараттардың маңызды топтарының басшысы.
Гетерофункционалды органикалық қосылыстарға жатады: аминді спирттер, амин фенолдар, гидроксиқышқылдары, амин қышқылдары, оксо- және фенол қышқылдары және тағыда басқа органикалық қосылыстар. Химиялық қасиеттеріне сәйкес келетін көп функциональды туындылардың қасиеттерімен анықтайды. Бірақ молекулада бір уақытта әртүрлі функцияның болуы, биологиялық функцияларды қамтамасыз ету үшін, осы заттармен орындалатын, өте маңызды, ерекше химиялық қасиеттерді тудыруға алып келеді.
Белоктардың функциялары әртүрлі. Белоктар катализаторлар немесе, ферменттер, клеткада химиялық реакциялардың жүруін қамтамасыз етеді; транспортты белоктар ағзаға заттарды тасымалдауға қатысады; қорғағыш белоктар ағзаның иммунитетін реттейді; белоктар тағамның негізгі компоненті болып табылады. Көптеген белоктар мен пептидтер дәрілік заттар ретінде қолданылады, олар ферменттер, гормондар, антибиотиктер. Белоктар мен пептидтер α-амин қышқылдарынан құралған. Белоктардың қасиеттерін көптеген жағдайда α-амин қышқылдарының құрлысымен және химиялық қасиеттерімен анықтайды.
Көмірсулар және олардың туындылары, күрделі химиялық өзгерістерге түсетін, зат алмасуға белсенді түрде қатысады. Олардың ыдырауы кезінде, ағзаның тіршілік көзін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын, көптеген мөлщерде энергия бөлінеді. Көмірсулар нуклеин қышқылдары, коферменттер, витаминдер сияқты және т.б. маңызды биоорганикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Көмірсулар мен олардың туындыларын дәрілік заттар ретінде қолданады.
Липидтер ( грек тілінен аударғанда «lipos» – майлар) биологиялық мембрананың негізгі құрылымдық компоненті болып табылдады. Клеткада мембрананың құрамына кіре отырып, олар клеткадағы зат алмасуға әсер етеді. Липидтер тіршілік нәрін ұстап тұруға қажетті, эндогенді су көзі, энергия көзі болып табылады (биологиялық тотығу нәтижесінде түзілген ,су). Майлар ішкі ағзаны механикалық бұзылулардан қорғайды. Сыртқы ортаның температура өзгерісіне қарамай, жылуды нашар өткізгіш бола тұра, дененің температурасын ұстап тұруға ықпал етеді.
Табиғи липидтердің құрамына кіретін , қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, 16, 18, 20 көміртек атомын құрайды. Екі, үш және көптеген қос байланыстары бар жоғары май қышқылдары және жартылай қанықпаған май қышқылдары жануарлар ағзасында синтезделмейді.Оларды ағзаға тамақпен бірге кіргізеді. Сондықтан бұл қышқылдарды (линол, линолен, арахидон), алмастырылмайтын деп атайды ( F тобының витаминдері). Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері олардың құрамына кіретін, жоғары май қышқылдарының түріне тәуелді. Күрделі липидтердің ішінде көп тарағаны фосфоглицеридтер. Олар негізінен, клетка мембранасында болады, тек олардың аз бөлігі май жиналатын құрамында байқалады.
Нуклеин қышқылдары, ақпаратты тасымалдау, тұқым қуалаушылық белгілерін сақтау,белоктардың биосинтезін бақылаушы ретінде маңызды ролді атқарады. Бұл гидролиздену нәтижесінде пуриндік (аденин және гуанин) және пиримидиндік (урацил, тимин, цитозин) негіздер, пентозалар (рибоза және дезоксирибоза), фосфор қышқылын түзетін жоғары молекулалы органикалық қосылыс.
Нуклеотидтер, оларды тағы мононуклеотидтер деп атайды, сонымен қатар олар нуклеин қышқылының полинуклеотид тізбегінің мономерлері болып табылады, әсіресе АТФ түзгенде, нуклеозиддифосфат, нуклеозидтрифосфаттың туындыларынан мол энергия түзіледі - ағзада энегрия көзі болып табылады. Макроэргикалық байланыс үзілгенде, жай күрделі-эфирлік байланысқа қарағанда, энергия 3 ретке көп бөлінеді. Нуклеотидтер және олардың туындылары, коферменттердің құрамына кіретін және коферменттердің туындылары болуы мүмкін. Онда, мысалы, олар кофермент А және тотығу-тотықсыздану ферменттерінің коферменттерінің құрамыны кіреді: НАД+ (никотинамидадениндинуклеотид) және НАДФ (никотинамидадениндинуклеотидфосфат). Нуклеотидтердің циклды формаларыда үлкен роль атқарады, соның ішіндегі гормондардың әсер ету механизміне қатысатын, циклді АМФ.
Маңызды тіршілік процесіне қатысатын, биоорганикалық заттар, көбінесе өздерін хиралды молекулалар түрінде көрсетеді. Ағзада амин қышқылдарының, көмірсулар, липидтердің және басқада биологиялық активті молекулалардың анықталған бір бөліктері ғана сіңіріледі және синтизделінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет