Тақырыбы: 60-жылдардағы балаларға арналған хабарлар және олардың жүргізушілері. Балалар хабарының қалыптасуы мен дамуы. Балалар хабарының ерекшеліктері.
Балаларға арналған хабарлар Алматы телестудиясында 1960 жылы бастау алды. Ол тұста арнайы редакция болмағанымен, мектеп оқушыларын қатыстыру, концерттік программалар арқылы балаларға арналған хабарлар беріліп тұрды. Мұның өзі бірте-бірте өз алдына редакция құрылуына алып келді. Сөйтіп, "Ғылым және мектеп" редакциясы құрылып, балаларға арналған хабарлар эфирден жүйелі түрде беріле бастады.
Алғашқы хабарлардың бірі ретінде "Ертегі кеші" атты хабарды атауға болады. Хабар ерекше бір шығармашылық ізденістен туған хабар еді деп атауға болмас. Себебі, ол Орталық теледидардан беріліп жүрген "Спокойные ночи" хабарының тәжірибесінен өмірге келген еді. Ойды да, жүйені де сол хабардан алған хабарда еліктеу басым болды. Алайда редакцияның ізденістерін жоққа шығаруға болмайды. Хабарлар Қазақ теледидарынан ұзақ жылдар берілген уақытын да талай рет өзгеріске ұшырады. Алғашында лақ пен қозы, қуыршақ кейіпкерлер арқылы берілген бұл хабар, кейін "Мен мектепке барамын" болып ауысты. Ортақ тұлға жүргізуші арқылы оқиға әр түрлі күйде дамып отырды. Хабар 60-жылдары Орталық теледидардың дикторы Валентина Леонтьева жүргізген "қуыршақтар" ойының еске салар еді. Кейіннен балаларды мультфильм көруге шақыру ғана емес, ертегі айтуға тәрбиелеуге ұмтылыс байқалды.
Валентина Леонтьева
Әже бейнесі арқылы балаларды кәусар бұлаққа қызықтыруға бетбұрыс болды. Сахнадағы бірнеше қыз - балалардың ортасында шымқай ақ киімге оранған, адалдық пен пәктіктің бейнесіндей ақ әже тылсым сыры мол ертегі әлеміне әуезді үнімен, әсем дауысымен аудиторияны лезде-ақ тартып алатын. Бұл тек студия ішінде отырған балаларды ғана емес, сол сәтте, телеэкранға жәудіреп отырған миллиондаған сәбилерді өзіне тартып, осынау қызық әлемді шарлатып-ақ кететін-ді. Сондықтан да бұл хабардың миллиондаған бүлдіршіндер қиялына канат бітіргені шындық. Сол тұстағы балалардың көз алдында хабарды әр кезеңде жүргізген Мәриям Айымбетова, Бұқаралық ақпарат құралдыры ытжамал Ерманова апайларының бейнесі мәңгілік сақталып қалғаны рас. Ия, алғашқы ізденістер осылай басталған. Алайда өмір бірқалыпта тұрмасы анық.1986 жылы бергі өзгерістер өміріміздің сан саласына бетбұрыс әкелді. 1992 жылы бастап балалар редакциясы ел алдына отау тікті. Осыдан бастап балалар редакциясы ұлттық тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрге айрықша бет бұрды.
Айымбетова Мәриям Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысының аймақтық теледидарында диктор болып бастады. Қазақ КСР Мемлекеттік теле және радиохабарларын тарату комитетінде диктор болып 1966-1994 жылдары қызмет істеді.
Эфирде жүргізген хабарлары мен оқыған жаңалықтары көрермен жүрегіне жақын, сөздері құбыла ойнап, көңілге нәр құйып, құлақ құрышыңды қандыра, жан тебірентер сезімге бөлеп, жанрдың өн бойындағы кескіндерінің сыр-астарын ашып беретін өзгеше мақамымен миллиондаған көрермендер жүрегінде сақталып қалды. Диктор мәтін жолдарына жүрегінің лүпілін, көңілінің сарасын қатарластыра парлай жегіп, көпшілік аудиториясына алуан реңкке толы әсем үннің сыршылдығын ұғындырды. Телеэкранда өз соқпағын қалап, өз жолын салды. Экранның сүйіктісіне, сұлулықтың символына, бөлшектің бүтініне айналды.
Алматы қаласы Совет ауданы Халық депутаттары Кеңесіне екі мәрте депутат болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО, Қазақ КСР Телерадио Комитетінің Құрмет грамоталары және дипломдарымен марапатталған.
Бала тәрбиесін алға қойған «Балапан» телеарнасы 2010 жылы хабар таратуды бастап, табысты дамып келеді. Отандық өндіруші еліміздің кішкентай азаматтарының мәдени салт-дәстүрлер мен тарихқа сәйкес дамуына, салауатты ұстанымдарының қалыптасуына мүдделі.
«Балапан» телеарнасы миллиондаған баланың сүйікті арнасына айналды. Арнада кішкентaй тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған хабарлар мұқият таңдалады. Солардың көмегімен бала мәдениет, тарихпен танысады, туған тілін, туған мәдениетін жақсырақ түсінуге үйренеді, табиғат әлемі мен ғылыми жаңалықтар әлемін ашады. Балаларға арналған хабарлар логика мен қалыптан тыс ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Телеарнада көптеген зияткерлік, әзіл-сықақ және спорттық хабарлар бар.
Сегіз жыл ішінде телеарна балаларға арналған үш жүзден аса телевизиялық жобаныы өмірге әкеліп, әсіресе ғылыми-танымдық бағдарламалар жасауға көп көңіл бөлді.
Қорытындылайтын болсақ кімге де болмасын жалқаулықтан арылып, терең ізденуге, тың жаңалық ашуға талпынып, бала тәрбиесіне аса мән беру керек. Қазақ кино өнерінде бұрын соңды түсірілмеген немесе аз түсірілетін спорт, білім-ғылым, медицина, ғарыш, аспан әлемі турасындағы ерекше тақырыптарда фильмдер түсірілуі керек. Мұны іске асыратын жас киногерлердің қабілетін шыңдап, ынтасын арттыру үшін отандық, әлемдік деңгейдегі фестивальдер мен байқауларды көптеп ұйымдастыру керек. Бұл – киноматографистердің шығармашылық жолда өсу деңгейін көтеріп қана қоймай, сапалы киношығармалардың көбеюіне әрекет ететіні рас. Бүгінгі күннің айнасын ертеңгі ұрпаққа көрсетуде құнды болып саналатын кинотуындалар көптеп түсіріле берсе деген игі тілек. Жас ұрпақ тәрбиесіндегі бұқаралық ақпарат құрaлдаpының мaңызы зор екендігін ұмытпайық.