3.6. Visual Basic ортасының компоненттері.
Microsoft VB 6.0-ның негізгі компоненттеріне қысқаша сипаттама берілген. Қалған компоненттердің түсініктемесін анықтама жүйесі арқылы табуға болады .
1) Көрсеткіш (Указатель-Pointer).
Көрсеткіш деп аталатын бірінші батырманы шертіп, пішінде жасалған басқару элементін таңдауға, оның өлшемін өзгертуге, жылжытуға немесе қасиеттерін өзгертуге болады.
2) Графикалық өріс (Графическое поле-PictureBox).
PictureBox компоненті пішінде графикалық файлды бейнелеу үшін қолданылады. Бұған қоса графикалық өріске әр түрлі әдістер көмегімен мәтін шығаруға, геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық обьектілерді кіргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |