Мысалдар:
1. Әй дер, ажа, қой дер қожа жоқ «Бассыздық, тәртіпсіздік туралы айтылады,
ешқандай ұйымшылдық жоқ, басалқы айтар кісісіз өткен деген мағынада қолданылады»
[2, 22].
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде ажа сөзі «үй іші, ауыл-аймақтағы бас көтерер
ақылшы адам» деп түсіндірілген [3, 19].
Біз де түркі тілдері деректерін негізге ала отырып, бұндағы ажа сөзін «ана, әже,
үйдің үлкен адамы» деп аударып бере аламыз. Салыстырыңыз:
Енисей ескерткішінде aчa “туыс” (E.41/7) [4, 4]; Диуани Лұғат ат-түрк ескерткішінде
ачы “кемпір, апа, әже” (DLT 56/12) [5, 538]; Шағатай жазба ескерткіштері тілінде aчa “әйел
адам, ана”; aжы “ана, үлкен жастағы әйел”.
Ұйғыр тілінде aчa “әпке” (YUTS 2013: 2); өзбек тілінде очa “әже” (УРС 1959: 310);
қырғызшада эдже “әпке” (KS 2011: 320); алтайдың телеут диалектісінде ача “аға, көке”
(TelAS 2000: 1); тува тілінде ача “әке” (ТувРС 1968: 77).
Сайып келгенде, сүйіп оқитын, жатқа айтатын, халық тарапынан жиі айтылатын
фразеологизмдерде арнайы түсіндіруді қажет ететін сөздер кездеседі. Солардың бірі
жоғарыда талданған тұрақты тіркестегі ажа сөзі.
|