Вестник Евразийского национального университета им. Л. Н. Гумилева, Серия Политические науки. Регионоведение. Востоковедение. Тюркология



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата27.07.2020
өлшемі0,55 Mb.
#75631
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Cөз мәнін талдап оқыту

5. Көсегең көгерсін «Өркенің өссін, бала-шағаң көп болсын» мағынасындағы алғыс-

тілегінде бізге түсініксіздеуі көсеге тұлғасы. 

Көне  ұйғыр  жазба  ескерткіштері  мен  Диуани  лұғат  ат-түрк  сөздігінде  көшиге 

формасы «көлеңке» мәнінде қолданылған. Көне қыпшақ ескерткіші Кодекс Куманикуста 



көшеген варианты «перде» мағынасында қолданыла бастаған. Ал шағатай жазбаларынан 

бастап көшеге сөзі «шымылдық, жастар төсегінің шымылдығы» түсінігіне ауысқан.  

Қазіргі  түркі  тілдерінен  ұйғыр  тілінде  көшүке  «перде,  шымылдық»,  өзбекшеде 

гөшаңга/күшәнә «шымылдық, жаңа үйленген жастарға арналған және ақ шымылдықпен 

қапталған  төсек»;  қырғыз  тілінде  көшөгө,  алтай  тілінде  көжөгө,  хакасшада  көзеге,  тува 

тілінде  көжеге  варианттары  «жастар  шымылдығы»  мағыналарында  сақталған.  Қазіргі 

түркі тілдеріне бұл сөз моңғол тілінен енген болуы керек. Моңғол тілінде көсіге формасы 

«перде, шымылдық» мағынасында қолданылады.   

Қорыта  келсек,  моңғол  тілінен  «шымылдық»  мәнінде  енген  көсеге  сөзі  тұрақты 

тіркес құрамында «төсек, көрпе» мағынасына ие болған. Бұл сөздің «төсек, шымылдық, 

көрпе,  пердеге»  қатысты  екендігінің  дәлелі  –  бұның  көрпең  ұлғайсын  нұсқасының  да 

бар болғаны. Бір жағынан көсеге сөзінің мағынасы ұмыт болғаны үшін көрпең ұлғайсын 

варианты туған болуы мүмкін.

Жоғарыда  келтірген  деректер  негізінде  көсегең  көгерсін  алғыс-тілегін  «көрпең, 

төсегің ұлғайсын» деп аударып, «ұрпағың көбейсін» деп ауыспалы мәнде түсіндіріп бере 

аламыз.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет