МИНЕРАЛЬДЫ ЗАТТАРМЕН ЕМДЕУ. Организмнің қалыпты жағдайда өсіп-жетілуіне көптеген микро-, макроэлемнттер өте қажет. Кейбір элементтердің (КА, СЬ, СА, Р, 8, Ғе, Си, Мп, Со, I) тіпті өте аз мөлшерде жетіспеушілігі малдардың өнімінің төмендеп, өсіп-жетілуінің баяулап, әртүрлі ауруларға шалдығуына апарып соғады. Бұл элементтер организмде тұздардың, витаминдердің, гормондардың, басқа да қосылыстардың құрамында болады да, солар арқылы сіңіріліп пайдаға асырылады.
Негізгі ережелері:
минеральды заттарды емдік ретінде тек ғылыми негізде ғана қолдану. Ол үшін әрбір шаруашылықтың жеріндегі топырақтағы, өсімдіктегі, судағы олардың мөлшерлерін білу;
оларды азыққа иайдаланылатын өсімдіктердің құрамындагы мөлшерлерін есептей отырып, ретті түрде рационға қосу;
аурудың қосалқы түрінде негізгі ауруды қатарынан емдеу.
Мал дәрігерлерінің тәжірибесінде жиі кездесетін аурулар:
ас тұзы жетіспегенде - малдардың тэбетінің бұзылуы жалақ;
кальций, фосфор тұздары жетіспегенде - сүйек дистрофиясы, тетания, мешел аурулары; күкірт жетіспегенде - малдардың жүнінің өспеуі, түсуі; құстардың қауырсынсыз өсуі;
темір жетіспегенде - организмде қанның азаюы - анемия; йод жетіспегенде - зоб ауруы;
марганец жетіспегенде - құстардың шатқаяқтап ауруы, бұлшық еттің ағару ауруы;
кобальт тұздары жетіспегенде - акобальтоз,. В-12 витаминінің жеткіліксіздігі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |