Жатыр жамбас қуысының ішінде, тік ішектің астында жатады, жатыр түтікшелері мен аналық малдардың ұрық бездері бел омыртқалардың остында шажырқаймен белге, бүйір еттеріне бекітіледі. Аналық малдардың ұрық бездерінде гармон фолликулин (эстроген), ал мал тоқтағанда оның сыртқы ұлпасында сары дене пайда болып, прогестерон гармоны түзіледі.
Сиырдың аналық безі дұмалақ, немесе сопақтау болады, көлемі 3Х2 см., қой мен ешкіде 1Х1,8 см. Сиырдың жатыр түтікшесінің ұзындығы 25Х30 см, ал қашпаған сиырдың жатыр мүйізінің ұзындығы 20-30 см., қой, ешкінікі 10-158 см. Сиырдың бір жатыр мүйізінің ішкі ұлпасында 4 қатар, әрқайсысында 10-15 –тен карункулалар орналасқан, ал екі жатыр мүйіздерінде 80-120 карункулалар бар, қой ешкіде - 88-110. Сиырдың, қой, ешкілердің жатыр денесінің ұзындығы 2-4 см. Сиырдың жатыр мойны 8-10 см., қой, ешкінікі 5-7 см. Сиырдың қынабы 22-27 см., қынап кіреберісі 10-14 см., қой, ешкінің қынабы 8-10 см., қынап кіреберісі 6-8 см. Күйіс қайтаратын малдардың жатыры екі бөлек мүйіздерден тұрады. Шошқаның аналық бездері бұдырлау келеді көлемі 2Х5 см., жатыр мұйіздері 100-200 см., жатыр мойны 10-20 см., жатырдың екі мүйізі бар. Бие мен есектің аналық бездері сопақтау келген үлкен 5Х9 см., жетілген фолликулалардың көлемі 4х6 см., жатыр түтікшесі 25х30 см., жатырдың мүйізі жалпақ 18-30 см астына қарай иілген