«Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы «жануарлардың ішкі аурулары клиникалық балауымен» пәніне арналған



бет28/68
Дата02.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#116834
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Шыны ыдыстар, ыдыстарға күтім Нарикбай М.Ж, Түрмеден кейінгі тағдыр ⋆ Aikyn.kz Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары, 1513530128
ДИЕТОТЕРАПИЯ дегеніміз ауру малды арнайы ұйымдастырылып, емдеу мақсатында дайындалған азықпен қоректендіру. Емдік қоректі тагайындау үшін төмендегідей ережені сақтаган жөн:

Ауру организмнің қорыта алатын керекті қажет азық түрлерінің бәрін райионга еңгізу;

Ас қорыту жүйесінің, ішкі бездердің, зәр шығару ағзаларының мүмкіншіліктерін ескеру;

Дэмі, сапасы жақсы, жеңіл қорытылатын азықтарды таңдап алу;

Ауру малдардың түр, жас ерекшеліктерін ескеру;

Азықты аздап, ауыз қуысы арқылы беруге тырысу. Басқа әдістермен беруді тек ауыз қуысы арқылы беруге болмаған жағдайда ғана қолдану;

Мүмкіншілігінше толық ашықтыру, жартылай ашықтыру режімдерін сақтау. Толық рационга ауру малдардың ерекшеліктерін ескере отырып көшіру;

Толық рационға біртіндеп, аурудың негізгі белгілері жойылғаннан кейін, 5-10 күннің ішінде көшу;

Азық пен судың мөлшері мен берілетін уақытын қатты қадағалау;

Аурулардың созылмалы түрінде азықтың әртүрлілігін қамтамасыз ету;

Диетотерапияны этиологиялық, патогенетикалық және тағы басқа емдеу әдістерімен қатарластыра жүргізу. Диетотерапияның негізгі режімдері:

Аяушылық режімі; жартылай ашықтыру режімі; толық ашықтыру режімі.

Толық ашықтыру аурулардың жіті түрінде 1-2 күнге созылады. Ол кезде малга басқа жолмен (тік ішек, тері асты, қан тамыры арқылы) қоректік ертінділер жіберіліп отырылады және су керегінше беріледі. Төлдерге толық ашықтыруды бірнеше сағатка ғана созу керек. Оларға ол кезде сүтке, немесе қайнаган суга ас тұзын қосып беріп отыру керек.

Жартылай ашықтыру режімі 2-3 күнге созылады. Ол толық ашықтыру режімінен қалыпты рационга көшірер аралығында болады.

Аяушылық режімі арнайы диеталық емдеу тағайындаудан тұрады. Арнайы диета таңдау қай жүйенің жұмысы басымырақ бұзылуына байланысты жүргізіледі.

Диеталық рацион құрамы мен азық заттарының қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді:

Әртүрлі агзалардың қызметі мен толық зат алмасуды реттеу үшін;

Организмге қажетті жетіспейтін заттардың орнын толтыру үшін.

Күйіс қайыратын малдар үшін асқазан-ішек жолдарының жирылуын белсендендіретін және энергия көзі ретінде эсер ететін құрғақ азықтың маңызы өте зор.

Көбінесе асқазан бездерінде түзілетін асқазан сөлі мен қанның натрий гидрокарбонатының қорының көзі болып табылатын ас тұзының орны ерекше.

Шошқа рационына сүрлем қосу сүт және сірке қышқылдарының әсерлеріне байланысты онда асқазан сөлінің бөлінуін күрт көбейтеді.

Бұзаулар үшін ацидофильдік іріткі, ацидофильдік сорпа, пропионды ацидофильдік култураларды, сұлы сүтін, ашытылған немесе қурылған ұнды, шырышты нәрді, сүрлем пастасын, шөп ұнын қолдануға болады.

Ацидофильді сорпаны қолдану ішекте пайдалы микробрадың ассоциациясының қалыптасуына ықпал етеді, асказан-ішек жолдарының қызметтерін реттейді,

Қой мен ешкіге жусан аралас дала шөбі пайдалы. Ол малдың тәбетін арттырады және асқазанның жұмысын жақсартады.

Әртүрлі аурулардың себептері мен даму сатыларының ерекшеліктеріне байланысты қолдан дайындалатын диеталық азықтардың түрлері де бірнеше құрамды болып келеді.

Ауру мал өздігінен қоректене алмаған жағдайда жасанды түрде азықтандыру әдістері қолданылады, Азықтық заттар ауру организмге тері асты, тік ішек, тамыр арқылы еңгізіледі.




  1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с.-х. животных. Под ред. А.М. Смирнова, П.Я. Конопелько и др. Ленинград, Колос, 1981 г.

  2. Полный справочник внутренних болезней. Под.ред. Ю.Ю. Елисеева. – М., 2003 г.

  3. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей. Т.К. Ливинова. - Москва.: Аквариум, 2003г.

  4. Внутренние незаразные болезни с.-х. животных. Учебник. - М.: Колос, 1985. Под ред. И.Г.Шарабрина.

  5. Внутренние незаразные болезни с.- х. животных. Учебник. - М.: Агропромиздат, 1991 г. Под. ред. В.М.Данилевского.

  6. Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных. Учебник. М.: Колос, 1983 г. Под. ред. А.Д. Белова.

  7. Внутренние незаразные болезни КРС. Учебник М.: Колос, 1984 г. Ионов П.С., Тарасов И.И.

  8. Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Агропромиздат. 1985 г. Кондрахин И.П., Курилов Н.В.

  9. Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии. Учебное пособие. М.: Колос, 1979 г. Под.ред. П.С. Ионова.

  10. Лекарственные средства ветеринарии. Д.К.Червяков, П.Д.Евдокимов.

  11. Внутренние болезни животных. Г.Г. Щербиков, А.В. Коробов. СПб., 2003 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет