Ветеринариялық дәрілік заттарды (иммундық-биологиялық ветеринариялық дәрілік заттардан басқа) өндіруге қойылатын
ТАЛАПТАР
1. Ветеринариялық дәрілік заттарды өндірген кезде GMP талаптарын сақтаған жөн.
2. Осы Қосымшада ветеринариялық дәрілік заттардың жекелеген тобын (эктопаразитке қарсы ветеринариялық дәрілік заттар, құрамында пенициллин бар ветеринариялық дәрілік заттар және соңғы стерильдеуге жататын ветеринариялық дәрілік заттар) өндіруге қойылатын арнайы талаптар белгіленеді.
3. Ветеринариялық дәрілік заттардың қалған топтарын өндіру қағидаларға басқа қосымшаларда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ветеринариялық дәрілік заттарды өндірген кезде бастапқы шикізат ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың медициналық қолдануға арналған тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізіліміне енген фармацевтикалық субстанцияларды пайдалануға болады.