Ветеринарлық істі ұйымдастыру



бет44/59
Дата09.12.2023
өлшемі460,48 Kb.
#195991
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59
Байланысты:
УМКД ПО ОВД

Бақылау сұрақтары:

  1. Ет комбинатында және басқада өңдеуші кәсіпорындарды ветеринарлық‒санитарлық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

41 САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ



Пәннің немесе модульдің атауы

«Ветеринарлық істі ұйымдастыру»

Сабақтың тақырыбы

Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылау.

Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік

Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылауды білу.

2.Дамытушылық

Есте сақтау,тілдік, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік

Студенттерді жауапкершілікке, заң аясында әрекет етуге бағыт бағдар беру.

Пәнаралық байланыстар

«Ветеринарлық менеджмент», «Ветеринарлық зоогигиена»

Жұмыс нәтижесі

Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылауды білу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақ оқуда қолданатын әдістер мен технологиялар

Дәстүрлі әдіс, фронтальды, СLILL әдісі.

Ресустар, техникалық жабдықталуы, материалдар

Оқулық, видео жазбалар, заңнамалар жинағы

Қолданатын әдебиеттер

«Ветеринарлық менеджмент», «Ветеринарлық зоогигиена»




Кезең
Дер

Сабақтың барысы

Әдістер

І

Ұйымдастыру кезеңі.

Сұрақ –жауап

Quizizz. сом






Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатынасын тексеру.

ІІ.

Үй тапсырмасын сұрау.




  1. Ет комбинатында және басқада өңдеуші кәсіпорындарды ветеринарлық‒санитарлық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

  2. Тест тапсырмалары: Joinmy quiz.com

ІІІ

Жаңа сабаққа мотивация жасау.

Видео бейне






  1. Тақырыптың не жайында екендігін білдіру мақсатында видео ролик.

ІV

Жаңа сабақтың барысы.

Әңгімелесу, өзара пікір алмасу.






Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылау.

V

Сабақты бекіту. Сабақты қортындылау: баға қою және қортындылау

БББ





1.Таблица толтыру: I now, I found out, I want to know.



Рефлексия

«Tarsia»




1.Пирамиданы құрау.

VІІ

Үй тапсырмасы




41 сабақтың жоспары


Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылау.
Сабақтың мақсаты: Көліктегі және мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылауды білу.
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.


Жоспар:

  1. Көліктегі ветеринарлық‒санитарлық бақылау.

  2. мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық‒санитарлық бақылау.

Мал және мал текті өнімдер мен шикізаттарын тасымалдауды бақылау жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін жасалады. Сондай-ақ, ол жол үстінде малдың денсаулығын сақтау үшін де қажет. Ветеринариялық бақылаудың тасымалдауға қоятын негізгі талабы – мал және мал өнімдері шыққан шаруашылықтың жұқпалы аурулардан таза және мал саулығының жақсы болуы.


Көлік және шекарадағы бақылау – арнаулы мемлекеттік органдар мен мекемелердің міндеті. Бұл жұмысты басқару үшін көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария бас басқармасы құрылған. Бірақ, бұл бақылауды жергілікті ведомстволық ветеринарияның мамандары да өз міндетін атқаратын аймақта жүргізеді. Бақылау кезінде олар тиісті ветеринарлық ережелердің, нұсқаулардың орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау ережелерін, нормативтік құжаттарды республика үкіметі бекітеді.
Ветеринарлық–санитарлық бақылауды автокөлік жолдарында, теміржол, су және әуе жолы көлігінде ұйымдастыру
Автокөлік жолдарында бақылауды мемлекеттік ветеринарияны басқарушы жергілікті органдар жүргізеді. Тасымалдаушы жақтың ветеринария органдары жол үстіндегі жергілікті ветеринария органдарына хабар беруге міндетті. Жол бойынша тасымалдау (айдау) үстіндегі малға клиникалық байқаулар өткізіледі, тиісті ветеринарлық құжаттар тексеріледі. Айдаумен жеткізілетін мал табындарына бақылау жасауға жауапты дәрігер тағайындалады.
Темір жол, су және әуе көліктерінде бақылауды арнаулы көліктік ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер жүргізеді. бұлар ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария бас басқармасына бағынады. Басқарма темір жол, су және әуе жолдары әкімшілігіне тәуелді емес, ол тікелей республикалық Ветеринария комитетіне бағынады.
Басқармаға қарасты бөлімшелер ірі станцияларда, теңіз-өзен, әуе жол айлақтарында орналасады. Ол басқамаға вагондарды жуушы-дезинфекциялаушы станциядағы ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер де кіреді. Олар вагондар мен кемелерді тазалау, жуу, дезинфекциялауды бақылауға арналған мекемелер.
Көлік және мемлекеттік шекарадағы ветеринария басқармасының штаттық кестесін, бастығын мемлекеттік ветеринарияны басқарушы орган тағайындайды немесе ауыстырады. Басқарма бастығы көліктегі және шекарадағы ветеринарияның мемлекеттік бас инспекторы міндетін қоса атқарады.
Көліктегі ветеринария мекемелері өз жұмысын ҚР «Ветеринария туралы» заңы, көліктегі ветеринария басқармасы туралы ережелер, басқа да ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен ветеринарияға қатысты құжаттар, ереже көрсеткіш негізінде атқарады.
Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бөлімшелер малға, өнімдері мен шикізаттарына тиеу-түсіру кезінде, жол бойы өтіп бара жатқанда (транзит) дәрігерлік байқау өткізеді, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен тасымалдау шарттарының орындалуын қадағадайды. Бұл мекеме мамандары транспорт түйіндеріндегі азық-жем қоймаларын, мал суаратын орындарды, азық пен су сапасын тексереді. Сондай-ақ, вагондарды және мал мен өнімдерін тасымалдауға керекті басқа да жарақтарды тазалаудың, дезинфекциялаудың ветеринарлық талапқа сай болуын қадағалау міндеті де жатады. Осындай жұмыстардың ауқымына байланысты көліктегі ветеринарлық бөлімшелердегі дәрігер, фельдшер, санитар, дезинфекторлар саны әр түрлі болады. Мамандар санын ветеринарияның көлік және мемлекеттік шекарадағы бас басқармасының бастығы бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет