Видеосабақ жоспарының Үлгісі



Дата07.02.2022
өлшемі30,15 Kb.
#94888
түріСабақ
Байланысты:
13 сабақ. Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары жарық толқынының ұзындығы


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Хаби Бахытгүл

Пән/Сынып:

Биология 11 сынып, оқулық авторылары: Н. Аблайханова, А. Қалыбаева, А. Пәрімбекова

Қай аптаның нешінші сабағы

13-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-тарау. Қоректену

Сабақтың тақырыбы:

Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.

Оқу мақсаты:

11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу жәнен түсіндіру.

Бағалау критериі:

  • фотосинтездің шектеуші факторларын зерттейді жәнен түсіндіреді.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
(1,2 тапсырма)

Жеке жұмыс
(3- тапсырма)

Уақыты

Кезең-дері

Тапсырма

Тапсыр-маның мақсаты

Мұғалім-нің бақылауы-мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурс-тар

1 минут
1 мин

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме, оқушылар!.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы мен жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура.
Бүгінгі сабақта:
Сіздің білетініңіз:
• Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін факторларды білесіндер;
Сіздің меңгеретініңіз:
• Фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеп танысасыздар;










(Оқулық)Презентация Слайд 1

Слайд 2


7-8 минут
1 мин
5 мин
02:30 –
03:00
03:00-04:30

04:00-
05:00



Жаңа сабақ

Фотосинтез процесі негізінен қоршаған орта жағдайларына байланысты және ол өте күрделі процесс. Оның күрделілігі фотосинтездердің бірқатар фотофизикалық және биохимиялық процестерден тұратынында ғана емес, сондай-ақ сыртқы орта факторларының өзара әсер етуіне байланысты.
Фотосинтездің пайдалы коэффициенті – Пайдалы коэффициенті (ПӘК) өсімдіктердің күн радиациясын тиімді пайдаланудың көрсеткіші болып табылады.. Басқаша айтқанда, сіңген көмір қышқыл газының түзілген органикалық заттың мөлшеріне қатынасы. Бұл көсеткіш өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады, жас өсімдіктерде 0,36-0,39, ал вегетациялық кезеңнің соңына қарай 1,01-1,02 дейін көрсетіледі. (2.9-сурет)
Фотосинтез процесінің қарқындылығына температураның әсері. Температураның фотосинтезге әсері фотохимиялық және биохимиялық реакциялардың болуына байланысты.
Қоңыржай аймағы өсімдіктердің фотосинтезі үшін оптиум температура 25-300, суыққа көндіккен өсімдіктер үшін 8-150-қа дейін, тропик және шөл аймақтарының өсімдіктері үшін +400-қа дейін болады. Арктика аймағы өсімдіктерінің фотосинтезі үшін максимум температура шамамен +120, оңтүстік ендіктер өсімдіктерінің фотосинтезі үшін +500, жылы су көздерінде өсетін бактериялар мен балдырлар үшін +800-тан 900-қа дейін болады.
Фотосинтез процесінің қарқындылығына ауадағы көмірқышқыл газы мөлшерінің әсері. Фотосинтезге қажетті көмірқышқыл газаның ең аз концентрациясы 0,008-дан 0,01%-ға дейінгі шекте болады. Атмосферадағы СО2 концентрациясы жоғарлаған кезде фотосинтез оған ілесе бір деңгейге дейін артады. СО2 концентрациясы өте жоғары болғанда фотосинтезде баяулайды да, өсімдік көмірқышқыл газына қанығады.
Фотосинтез эндотермиялық процес болғандықтан тек сырттағы энергияны пайдалану арқылы ғана жүзеге асады.
Фотосинтез процесінің қарқындылығына сумен жабдықтаудың әсері. Фотосинтездің суға тәуелділігі өте күрделі процесс. Фотосинтез үшін су реакцияға тікелей қатысушы ретінде және жанама фактор ретінде керек. Судың құрамындағы сутегі фотолиз кезінде тотығады да, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруға пайдаланады. Хлоропласттың құрамында қалыпты жағдайда 75%-дай су болады. Жапырақтардың суға толық қанығуы өсімдіктердің көпшілігінде фотосинтез процесін тежейді, мұнда судың болар-болмас тапшылығы ғана процестің өтуіне қолайлы жағдай туғызады.

Жаңа тақырыпты меңгеру









Презентация
Слайд 3
9484/fotosintez-protsesine-syrtqy-zhaghdaylardynh-aseri
Слайд 4
Слайд 5
https://ikaz.info/syrt-y-orta-zha-dajlaryny-fotosintezge-tigizetin-seri
Слайд 6



3-4
минут

03:00-03:30


03:30-04:30



Тәжірибе

Тапсырма №1. фотосинтездің шектеуші факторларын сәйкестіріп түсіндіреді



Ұғымдар

Сипаты

Көмірқышқыл газының әсері.

фотохимиялық және биохимиялық реакциялардың болуына байланысты.

Температураның әсері.

Судағы сутегі фотолиз кезінде тотығады.

Судың әсері.

Күн сәулесі энергиясын сіңіреді

Жарықтың фотосинтезге әсері

Көлемі жағынан ауа қүрамының 0,02-0,03%-ын құрайды.



Тапсырма №2 Биологиялық диктант.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді анықтап жазып түсіндіріңіз.

1. Күн радиациясын тиімді пайдаланудың көрсеткіші болып табылады - .......... .............


2. Т..........-ның фотосинтезге әсері жарықтың түсу қарқындылығына байланысты болады.
3. Фотосинтездің қарқындылығы х........л мөлшерінің ұлғаюымен байланысты өседі.
4. Фотосинтез процесі кезінде атмосферадағы ......... ......... қолданылады.



Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру




Дескриптор:

  • Фотосинтездің шектеуші факторларын сәйкестіріп түсіндіреді.

Дескриптор:



  • Көп нүктенің орнына тиісті сөзді анықтап жазып түсіндіреді.

Слайд 7-8

Слайд 9-10



3-4 минут
04:50-05:00

05:00-05:10


05:10-05:20

Бекіту

Тапсырма №3 Фотосинтез кезінде түзілетін немесе сіңірілетін әрекетті (үрдісті) ажыратып түсіндіріңіз.



Фотосинтез кезнде

Түзіледі / Сіңіріледі

Көмірқышқыл газы




Оттегі




Органикалық заттар




АТФ энергия







Тақырыпты меңгергенін анықтау




Дескриптор:

  • Фотосинтез кезінде түзілетін немесе сіңірілетін әрекетті (үрдісті) ажыратып түсіндіреді.

Презентация
Слайд 11-12

05:50-06:50

Қорытынды


Рефлекция:
Рефлекция «ҚҚҚ» кестесі

Қиын

Қызықты

Құнды



















өз-өзін бағалайды.



Слайд 13-14




Үйге тапсырма

§9 Біліміңді тексер: Талдау сұрағы -1және2, 51-бетте.


Сау болыңыздар!










Слайд 16


Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет