Vii семестр бойынша «Байқау практикасының» ш-43 тобының білім алушысы Тыштықбаева Маржанның есебі Мен, Тыштықбаева Маржан Әл- фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектепте «Байқау практикасынан»



Дата26.12.2019
өлшемі9,64 Kb.
VII семестр бойынша «Байқау практикасының» Ш-43 тобының білім алушысы Тыштықбаева Маржанның есебі

Мен, Тыштықбаева Маржан Әл- Фараби атындағы №145 жалпы білім беретін мектепте «Байқау практикасынан» өттім. №145 мектептің 3 «В» сыныбына бардым. Бағдарламада көрсетілген 30 сағатты және 5 сыныптан тыс жұмыстарды уақытымен өттім. Оның 6 сағаты «математика», 4 сағаты «жаратылыстану», 6 сағаты «көркем еңбек» 2 сағаты «музыка», 4 сағаты «дене шынықтыру», 6 сағаты «сауат ашу», 2 сағат «өзін-өзі тану». Әр сабақтың жоспарын жасағанда әдіскерлеріме және сынып жетекшіме тексертіп алып отырдым. Олар қай жерін дұрыстау керектігін айтып отырды. Осы сабақтарды өту барысында көптеген кедергілер болды. Сол кедергіге қарамастан сабақтарымды ойдағыдай өттім.



Бұл практикада мұғалімім Байгулова Райгул болды. Ол кісіден үйренгенім өте көп. Әр сабағыма талдау жасап, қай жерде қандай қателік жібергенімді айтып отырады. 3 «В» сыныбында өте ақылды, тәртіпті, білімді балалар жиналды. Мен осы сыныпқа тез үйренісіп кеттім. Балалар да маған тез үйреністі. Балалар мен сабақ өткізген уақытта сабағымда белсене қатысып отырды. Әсіресе, мұғалім қатысқан уақытта өздерін ешқашан жаман жағынан көрсетпеген. Мен осы мектепте тәжірибеден өту барысында жинаған тәжірибем өте көп. Осы практикадан үйренгендерімді болашақта қолданарыма сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет