Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
- Электрондық кітапхана – электрондық құжаттардың (әдебиеттер туындыларынан тұратын электрондық басылымдар, анықтамалар және т.б.) әркелкі топтамаларын сенімді және тиімді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпараттық жүйе.
- электрондық көрнекі оқу құралдарының кітапханасы – мазмұны берілген пәндік аумақтағы объектілер, үдерістер мен құбылыстарды бейнелейтін мультимедиа компоненттерін таңдау көмегімен берілетін оқу құралы
- Электрондық энциклопедия – белгілі бір ғылым саласын қамтитын түрлі бағыттар бойынша көп мөлшерде ақпараттан тұратын оқу құралы. Басылымдар мол суреттемелермен, видео және аудио үзінділермен, анимациялар мен үш өлшемді үлгілермен жабдықталған
- Үйретушілер, жаттықтырушылар, тәжірибелер – бұл сабақтарға, емтихандарға өзбетінше дайындалуға, өз білімін бағалауға мүмкіндік беретін оқу- әдістемелік кешендер.
- Мультимедиялық оқулықтар – бұл өз бетінше немесе оқытушы қатысуымен оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін компьютер көмегімен меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық- әдістемелік кешен.
- Виртуалды зертханалар – бұл оқу кешені, мектеп жағдайында қиындатылған, қосымша құралдарды қажет ететін немесе өте қымбат тұратын пәндік зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік жасайды.