Виртуализация технологиясы дегеніміз не?


Инфроқұрылымды қызмет ретінде пайдалану



бет2/4
Дата30.01.2023
өлшемі28,23 Kb.
#166799
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Виртуализация2

Инфроқұрылымды қызмет ретінде пайдалану
Енді компания мұнымен тоқталып қоймай одан ары да жылжи алады, яғни бұлттық технологияны пайдалана отырып, басқа қызмет көрсетуші серверлерге өзінің виртуалды құрылғыларын орнатып, физикалық серверді жасақтау мәселесінен мүлдем арылады.
Виртуализация артықшылықтары
Русурстар пулына кезекпен серверлерді орналастыра отырып серверлер санын азайту. Пулға серверді орнату дегеніміз басқарусерверлері мен шлюз серверлерінің логикалық бірігуі және қажет жағдайында серверлердің бірі орындаушы ролін атқаруы. Бір сервердің ішіне бірнеше серверлерді енгізе отырып, электр энергиясы, суытқыш қондырғылары, генераторлар алу шығынын қысқартуға болады
Ақпараттық технологияны автоматты түрде қолдану
Енді физикалық компьютерлер виртуалды болып өзгерген кезде біз компьютерді программалық саймандар арқылы басқара аламыз. Виртуалды машина шаблонын анықтау үшін әкімгерлер баптау және орналастыру бағдарламасын құрады. Тұрақты және үздіксізх өзіңіздің ресурстарыңызды көшіріп отыра аласыз және қолмен барлық қате хабарламаны жөндей аласыз.
Апаттық қайта қалпына келтіруді тездету
Физикалық залал немесе кибер атака салдарынан болған келеңсіз жаңдайларда қайта қалыпқа келтіру үшін көп сағаттар немесе күндер жұмсалуы мүмкін. Ал, виртуалды ортада бұл үдеріс бернеше минут уақытыңызды алуы мүмкін. Жылдам әрекет ету ақауларға төзімділікті айтарлықтай жақсартады және бизнес-үдерісті тоқтатпауға септігін тигізеді яғни, жұмыс кестесіне сәйкес жоспардың орындалуы жалғаса береді.
Виртуализацияның жұмыс жасау принципі?
Виртиуализацияда арнайы программа гипервизер қолданылады. Бұл программа арқылы бірнеше бұлттық инстанстар немесе виртуалды машиналар жасалады.
Бұлттық инстанстар мен виртуалды машиналарды салыстыру
Виртуализацияға арналған программаны орантқаннан кейін өзіңіздің көмпьютеріңізге бірнеше виртуалды машина орната аласыз. Виртуалды машиналарға өзіңіздің компьютеіңізге енген секілді ене аласыз. Сіздің компьютеріңіз хост деп, виртуалды машина қонақ деп аталатын болады. Бір хостта бірнеше қонақтар болуы мүмкін. Әр бір қонақтың өз операциялық жүйесі болады. Қонақтың операциялық жүйесі хосттың операциялық жүйесінен өзгеше де болуы мүмкін.
Пайдаланушының көз қарасымен қарағанда виртуалды машина кәдімгі сервес секілді жұмыс жасайтын болады. Оның параметрлері, конфигурациялары және орнатылған қолданбалары бар. Орталық процессорлар (CPU), жедел жад (RAM) және жад сияқты есептеу ресурстары физикалық сервердегідей көрінеді. Сондай-ақ, қонақ операциялық жүйелерін және олардың қолданбаларын хост операциялық жүйесіне әсер етпестен қажетінше теңеуге және жаңартуға болады.
Гипервизоры
Гипервизор – виртуализацияға керекті программалық жасақ, ол физикалық компьютерге орнатылады. Бұл программалық деңгейде виртуалды программа мен апппарат арасында байланыс орнатады. Гипервизорлар физикалық құрылғыларғы пайдалануға рұқсатты бақылайды. Бірнеше виртуалды орталардың бір физикалық қондырғыға қол жеткізілу кезегін реттеп отарды. 
Мысалы виртуалды машинаға компьютердің есептегіш күші қажет боса алдымен гипервизерге жүгінеді. Сосын гипервизор базалық қондырғыға жүгінеді, ал ол кезегінде тапсырманы орындайды. 
Гипервизердің екі түрін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет