1.Төмендегі берілген зерттеу әдістерінің қайсысын терең тісжегіні ұлпа қабынуымен салыстырмалы диагностика жүргізу кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*витальді бояу әдісі
*термотест
*рентгенография
*қағып тексеру
*трансиллюминация әдісі
2. 28 жастағы ер адам жоғарғы сол жақтағы тісінің тағам қабылдағанда ауыратындығына шағымдана келді. Қарап тексергенде: 25 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады.
Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
*витальді бояу әдісі
*электроодонтометрия
*трансиллюминация әдісі
*рентгенография
*перкуссия
3.25 жастағы қыз 41тісінің тәтті тағам қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 4.1 тістің дистальді-жанасу бетінде тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырмайды. Шұқып тексергенде кіреуке-дентин байламы деңгейінде ауырады.
Қандай жансыздандыру жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?
*инфильтрациялық
*таңдайлық
*аппликациялық
*ұлпа ішілік
*друк-анестезия
4. 18 жастағы қыз косметикалық ақауға шағымданып келді. Тістерінің өзгеруін бала күнінен байқаған. Қарап тексергенде: 11, 12, 21, 22 тістердің вестибулярлы бетінде ақ бор түстес және жолақ тәрізді дақтар байқалады.
Төменде көрсетілген этиологиялық факторлардың қайсысы аталған аурудың туындауына НЕҒҰРЛЫМ әсер етеді?
*ауыз суының құрамында йодтың шамадан көп болуы
*созылмалы жалпы соматикалық аурулар
*ауыз суының құрамында фтордың шамадан көп болуы
*дұрыс тамақтанбау
*ауыз қуысы гигиенасының нашар болуы
5. 25 жастағы жас жігіт жоғарғы жақ тістерінің косметикалық ақауына шағымданып келді. Тіс кіреукесінің түсінің өзгеруін бала күнінен байқаған. Бала күнінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: ортаңғы күрек тістердің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар бар. Дақтардың беті – тегіс, жылтыр. Дақтар 2% метилен көгінің ерітіндісімен бояғанда боялмайды.
Төменде берілген аурулардың қайсысы аталған клиникалық көрініске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*флюороз, штрих тәрізді түрі
*бастапқы тісжегі
*жүйелі гипоплазия
*флюороз, шұбар-дақты түрі
*флюороз, эрозиялы түрі
6. 55 жастағы әйел адам төменгі жағындағы тісінің сауыт ақауына шағымданады. Қарап тексергенде: 36,35,34 тістерінің мойын бөлігінің вестибулярлы бетінде тістің қатты тіні дентин шекарасына дейін сына тәрізді азаяуы байқалады. Ойықтың беткі беті тегіс, жылтыр. Шұқып тексергенде ауырмайды.
Төменде көрсетілген болжам диагнозының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:
*тістің қатты тінінің некрозы
*тістің қатты тінінің эрозиясы
*беткей тіс жегі
*орта тіс жегі
*сына тәрізді ақау
7. 45 жастағы әйел тістерін тазалағанда, ас қабылдағанда сезімталдықтың пайда болатынына, тістерінің мойын бөлігінде ақаулардың пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі кіші азу тістерінің мойын бөлігінің вестибулярлы бетінде табаны тығыз және жылтыр, қабырғалары бұрыш жасай орналасқан ақау байқалады. Зондпен сүңілегенде зонд тіреліп қалмайды.
Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы аталған клиникалық белгілерге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:
*сына тәрізді ақау
*эрозивті формадағы флюороз
*жергілікті гипоплазия
*терең тіс жегі
*орташа тіс жегі
8. 43 жастағы ер адам косметикалық ақауға, химиялық және температуралық тітіркендіргіштерге ауру сезімінің пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың орталық күрек тістердің вестибулярлы бетінде кіреуке аймағында орналасқан дөңгелек пішінді, пигменттелген ақау байқалады. Шұқып тексергенде: зонд ақау бетінде тірелмейді.
Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы аталған клиникалық белгілерге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:
*орташа тіс жегі
*флюороз
*кіреуке некрозы
*кіреуке эрозиясы
*сына тәрізді ақау
9.59 жастағы еркек төменгі жақ самай буынының ауыруына және тістердің анатомиялық пішінінің өзгеруіне шағымданады. Қалқанша бездің ауруына байланысты эндокринолог бақылауында диспансерлік бақылауда тұрады. Қарап тексергенде;жалпы тістердің анатомиялық пішіні өзгерген,мұрын-ерін қатпары айқындалған. Бет әлпетінің төменгі үштен бір бөлігі биіктігі қысқарған.
Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы аталған клиникалық белгілерге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:
*физиологиялық қажалу
*қатты тіндердің некрозы
*патологиялық қажалудың І дәрежесі
*патологиялық қажалудың ІІ дәрежесі
*патологиялық қажалудың ІІІ дәрежесі
10. 32 жастағы ер адам дәрігер стоматологқа ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келген. Қарап тексергенде: 16 тістің шайнау бетінде іші пигменттелген тығыз дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес келеді?
*орта тісжегі
*беткей тісжегі
*баяу дамыған терең тісжегі
*кіреуке эрозиясы
*сына тәрізді ақау
11.32 жастағы әйел дәрігер стоматологқа санация мақсатымен келген. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде жабынды дентин аймағындағы тісжегі қуысы анықталды. Кіреуке- дентин шекарасын сүңгілеп тексергенде ауырады. Суыққа қысқа мерзімді ауыру сезімі бар.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес келеді?
*орта тісжегі
*беткей тісжегі
*терең тісжегісі
*кіреуке эрозиясы
*сына тәрізді ақау
12.39 жастағы әйел жоғарғы сол жағындағы тісінің ақауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 23 тісінің медиалді бетінде, тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысы ыдыраған жұмсарған дентинге толы. Сүңгілеп тексергенде кіреуке дентин аймағында ауру сезімі анықталады.
Төменде аталған диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес келеді?
*гипоплазия
*флюороз
*бастапқы тісжегі
*сына тәрізді ақау
*орта тісжегі
13. 49 жастағы ер адам төменгі сол жақ тісінің температуралық және механикалық тітіркендіргіштен қысқа мерзімге созылатын ауыру сезіміне шағымданады.Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде кең көлемді, салбыраған кіреуке қырлары бар, іші ыдыраған жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Ыдыраған дентин оңай алынады, сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі қуыстың табанында анықталады. ЭОД – 12 мкА.
Төменде аталған диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес келеді?
*бастапқы тісжегі
*жылдам дамыған терең тісжегі
*орта тісжегі
*беткей тісжегі
*тісжегінің асқынуы
14. 45 жастағы әйел жоғарғы сол жақ тісінің температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа мерзімді ауыру сезімінің пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тістің дисталді шайнау бетінде іші жұмсарған, ыдыраған ақшыл дентинге толы, салбыраңқы қырлары бар терең тісжегі қуысы анықталды.
Төменде аталған диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес?
*орта тісжегі
*баяу дамыған терең тісжегі
*жедел дамыған терең тісжегі
*созылмалы ұлпа қабынуы
*ұлпаның жедел қабынуы
15. 29 жастағы ер адам тісжегі қуысының пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Табаны тығыз, пигменттелген, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Ұлпаның электр қозғыштығы 12 мкА сәйкес.
Төменде аталған диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы көрініске сәйкес келеді?
*орта тісжегі
*периодонттың созылмалы қабынуы
*ұлпаның созылмалы қабынуы
*жедел дамыған терең тісжегі
*баяу дамыған терең тісжегі
16.Баяу дамыған терең тісжегі кезіндегі науқастың шағымы:
*өз бетімен,ұстама тәрізді ауыру
*өз бетімен, тұрақты ауыруы
*тітіркендіргіштер әсерінен ұзаққа созылатын ауыру сезімі
*ауқымды терең тісжегі қуысына, ас қалдықтарының тұрып қалуына
*тіс сауытының түсінің өзгеруі
17. 19 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: 22 тістің мойын бөлігінде дөңгелек ақ бор түсті, беті кедір бұдыр дақ көрінеді, зонд тірелмейді . 2% метилен көгімен боялады.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы осы көрініске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*сына тәрізді ақау
*кіреуке некрозы
*жергілікті гипоплазия
*бастапқы тісжегі
*кіреуке эрозиясы
18. 29 жастағы қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: 22 тістің мойын бөлігінде дөңгелек ақ бор түстес,беті кедір-бұдыр дақ көрінеді, зонд тірелмейді. Тістің сауыт бөлігіне галогенді шаммен сәуле түсіргенде сауыт көкшіл түспен жарқырайды, дақ аймағында сәуле сіңіріліп қоңырқайланады .
Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ осы сипаттамаға сәйкес келеді?
*бастапқы тісжегі
*кіреуке некрозы
*кіреуке гипоплазиясы
*сына тәрізді ақау
*кіреуке эрозиясы
19. 25жастағы әйел жоғары оң жақтағы тісінің тәттіден ауыратынына шағымданады.Қарап тексергенде: 16 тісінің шайнау бетінде жабынды дентин аймағында тісжегі куысы байқалады. Шұкып тексергенде кіреуке –дентин байламында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауырмайды.
Төменде берілген болжам диагноздың кайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*орта тісжегі
*терең тісжегі
*баяу дамыған терең тісжегі
*жедел дамыған терең тісжегі
*созылмалы периодонт кабынуының өршуі
20. 16 жасар жас қыз дәрігер стоматологқа косметикалық ақаумен шағымданып келген. Қарап тексергенде: 22 тістің вестибулярлы мойын бөлігінде ақ түсті дақ көрінді. Дақты шұқып тексергенде зонд тіреледі. Дақты 2% метилен көгімен бояғанда, қаныққан көк түске боялды.
Осы көрсетілген клиникалық белгі, төмендегі көрсетілгендердің қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?
*сына тәрізді ақау
*кіреуке некрозы
*кіреуке гипоплазиясы
*беткей тісжегі
*кіреуке эрозиясы
21. Орта тісжегіні төменде көрсетілген аурулардың қай түрімен салыстырмалы диагностика жүргізу НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?
*тез дамитын терең тісжегі
*ұлпаның жедел жартылай кабынуы
*периодонттың созылмалы кабынуы
*ұлпаның созылмалы шіри кабынуы
*ұлпаның толык кабынуы
22. 20 жастағы бойжеткен жоғарғы жағының алдыңғы тістеріне ақ дақтардың пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде : жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінің мойын аймағында ақ бор түстес дақтар орналасқан. Шұқып тексергенде зонд тірелмейді.
Толық диагноз қою үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрысысырақ болады :
*термотест
*рентгенологиялық зерттеу
*витальді бояу әдісі
*электроодонтометрия
*қағып тексеру
23. 18 жастағы бозбала косметикалық ақауға шағымданады. Тістерінің түсінің өзгеруін бала күнінен байқаған. Қарап тексергенде: 11, 12, 21, 22 тістерінің анатомиялық пішіні сақталған. Кіреукенің және дентиннің қара-қоңыр түстеніп кесу қырының вестибулярлы бетінде сауыттың түсінің және бедерінің бұзылуы байқалады.
Қандай ем НЕҒҰРЛЫМ сәйкес ?
*динамикасын бақылау
*жасанды сауыттарды дайындау
*химиялық жолмен қатаятын композитпен пломбылау
*фотополимерлі композитпен пломбылау
*қайта минералдану терапиясы
24. 20 жастағы студент алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына шағымданды.Қарап тексергенде:23,24,25 тістерінің мойын аймағының вестибулярлы бетінде бор тәрізді ақ дақтар анықталды.Дақты шұқып тексергенде ауру сезімсіз, беті тегіс, ЭОД -3мкА. Дақ метилен-көгімен боялды. Төменде көрсетілген емдік әдістердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*динамикалық бақылау
*егеп тазалау және пломбылау
*дақты егеп тазалау,УКС,диетотерапия
*қайта минералдау терапия
*кальций препараттарын қолдану,УКС,диетотерапия
25. 34 жастағы әйел ,мұғалім, тісінің суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 1.7 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанында ауыру сезімі байқалады. Дәрігер тісжегі қуысын егеп тазалап болған соң уақытша пломбалық материалмен жапты. Төменде көрсетілген материалдардың қайсысы уақытша пломбалық материал ретінде қолданылады?
*виноксол
*абсцесс ремеди
*гангрипульп
*пульпомиксин
*дайкал
26. 39 жастағы ер адам тісінің суықтың әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 36 тісінде жұмсарған,ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде табанында ауру сезімі байқалады.
Төменде көрсетілген материалдардың қайсысын аралық төсем ретінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*виноксол
*мегацем
*реокаб
*биодент
*дайкал
Достарыңызбен бөлісу: |