Пән аты: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Волейбол ойыны
Топ
|
84
|
|
|
|
Курс
|
2
|
|
|
|
Сабақ реті
|
62
|
|
|
|
Мерзімі
|
17.02.2012
|
|
|
|
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға волейбол ойынының ережелерін, ең негізгі әдістерін үйрету;
Ә) Дамытушылық: Оқушылар бойында арнайы дене жаттығулары арқылы шеберлікті шыңдауға ептілік пен икемділік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын құралдар: Волейбол доптары, ысқырық, волейбол торы, диапроектор т.б.
Пәнаралық байланыс: Математика
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 -3 мин
Сапқа тұрғызып мәлімдеме беру;
Оқушыларды түгелдеу;
Сабақ мақсатын түсіндіру.
ІІ. Дайындық бөлімі: 10 – 12 мин
Саптағы бұрылу жаттығулары:
«оңға бұрыл!», «солға бұрыл!», «кері бұрыл!», «сол иықпен алаңды айналып алға қадам бас!»
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;
қол белде, өкшемен жүру;
қол желкеде, жартылай отырып жүру;
қолымызды иыққа қойып алға, артқа айналдыру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
тізені жоғары көтеріп жүгіру;
өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
артпен жүгіру;
жай жүгіру;
тыныс алу жаттығулары
ІІІ. Негізгі бөлім: 20 – 25 мин (Волейбол ережесін меңгерту: 10 – 12 мин)
Волейбол - спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.
Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту
Достарыңызбен бөлісу: |