18 жастағы пациент тістердегі ақ және ал қоңыр түстес дақтардың болуына шағымданып келген. Анамнезінен – тістер түсінің өзгеруі бала кезінен анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Қарап тексергенде – жоғарғы және төменгі жақ тістер кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда ал қоңыр түстес дақтар анықталады, олар тістердің бүкіл беттерінде орналасқан. Дақтар аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін: