8. 7 жасар бала жарақат салдарынан 1.1,2.1 тістердің тіс сауыттары сынып, ұлпасы жалаңаштануы кезінде рациональды емдеу әдісін таңдаңыз:
Витальды экстрипация
9. Бала 3 жаста. Жоспарлы тексерілу кезінде 8.5 тістің шайнау бетінде терең қуыс бар. Жұмсарған дентинді алғаннан кейін, сүңгілеу кезінде қуыс тіс қуысымен қатысатыны және ұлпаның ауырсынуы мен қанағыштығы анықталды. кп=6. Алдын-ала диагноз қойыңыз.
Жедел серозды пульпит
10. Бала 3 жаста. Шағымдары: жоғары жақтың күрек тістерінде тамақ қабылдағанда ауырсынуы. Бірнеше күн бойы мазалаған. Анамнез: бұрын емделмеген. Обьективті кп=8, ГИ=1,2. 6.1 тіс 1/3 бөлігінде бұзылған, эмалы нәзік, дентин ақшыл, иілгіш. Зондтауда қуыс тіс қуысымен байланыспаған, ауырсынусыз. Перкуссияда ауырсынады. І дәрежалі қозғалмалылық анықталады. Шырышты қабаты қызарған, т-тітіркендіргішке реакция жоқ. Ем жүргізіңіз.
Тісті жұлу