27. 25 жастағы науқас К., сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болды. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 380С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 22. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 4,0х4,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған 4 іріңді өзектері бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз:
Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі