Введение в психологию



бет1/5
Дата22.11.2023
өлшемі2,39 Mb.
#192847
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 ЛЕКЦИЯ


Психология ғылымына кіріспе
1-дәріс

Студенттердің бойында, олардың кәсіби іс- әрекетіне қажетті тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық теория мен тәжірбиесі аймағында әлеуметтік-тұлғалық және инструменталды құзыреттілікті қалыптастыру

Пәннің мақсаты

Психологиялық білім, психологиялық мәдениет, психологиялық құзіреттілік

Дәріс жоспары

  • Психология ғылым ретінде.
  • Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны мен міндеттері.
  • Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
  • Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.).
  • Заманауи психологияның салалары.
  • Психологияның әдістері мен әдістемелері.

Психология ғылым ретінде


Психология (гр. – жан туралы ілім) - бұл адамдар мен жануарлардың мінез-құлқы мен психикалық процестерін зерттейтін ғылым.
Дамудың негізгі кезеңдері
  • I кезең (ғылыми кезеңге дейін — б. з. д. VII-VI ғғ.) - психологияны жан туралы ғылым ретінде зерттеу (Аристотель);
  • II кезең (XVII ғасырдың басы) — психологияны сана ғылымы ретінде зерттеу. (Рене Декарт, Б.Спиноза, Д. Локк). Сананың анықтамасы, адамның жоғары жүйке қызметінің қасиеті - ойлау, пайымдау және шындыққа деген көзқарасын анықтау қабілеті пайда болады;
  • III кезең (ХХ ғасырдың басы) - психологияны мінез-құлық ғылымы ретінде зерттеумен сипатталады. Осы кезеңдегі психологияның негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін және реакциясын бақылау. Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы, сондай-ақ эксперименттік психологияның қалыптасуы мен дамуы (Д. Уотсон, У. Хантер, К. Лешли, Б. Скиннер, Э. Торндайк, Э. Толмен);
  • IV кезең - бұл кезең психологияның психиканың объективті заңдылықтарын, олардың көріністері мен механизмдерін зерттейтін ғылым ретінде қалыптасуын сипаттайды. 1879 жылы Германияда алғашқы психологиялық эксперименттік зертхана ашылды (В.Вундт).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет