Word Pad мәтіндік редакторы Блокнот (Windows 3x) Күнтізбе Калькулятор Графикалық редактор Paint (Paintbrush) Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.
Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса WINDOWS жүйесі: бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;
масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;
мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;
біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады
МS (PC) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-оңай орындалады, оның ток келетін қосқышын ажыратса болатыны. Бұл мезетте кейбір прграммалар жұмысын ісьтеп жатса істеп жатса да, бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.
Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет.
жұмыс істеп тұрған программаларды жабу (аяқтау);
Windows шығып жұмысты аяқтау ісін орындау..
Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі Неге бұлай? Windows жүйесі комьпютер құрылғыларын толықь пайдаланып оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды типі ТМП болып келетін файлдар) жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс жұрыс аяқталмаса ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.
Сондықтан Windows жүйесінің тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс. Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі Енді Enter пернесін бассақ компьютер сол батмаға с Windows 95 жүйесінде сәйкес программаны орындайды.