Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін қолдану төмендегідей мақсатты көздейді


§ Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға үйрету



бет6/7
Дата30.04.2022
өлшемі349,5 Kb.
#141501
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
wordwall
Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы психологиялық, билогиялық және әлеументтік факторлар., Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы психологиялық, билогиялық және әлеументтік факторлар., экономика көшбасшысы сайыс

§ Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға үйрету;

  • § Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

  • § Оқушыларды ақпарат беру, түрлендіру, қолдану процестері туралы біліммен қаруландыруға мүмкіндік беретін информатика негіздерінмеңгерту;

  • § Оқушыларғакомпьютердіоқупроцесінежәнекәсібидайындыққапайдаланабілугеүйрету.

    Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласы жаңа өзгерістер енгізді. Өркениет жоғары жылдамдықпен ең шешуші рөлді табиғи ресурс пен энергия ғана емес, ақпарат және ғылыми білім шешетін ақпараттық қоғамға жылжып келеді.
    Қорыта айтқанда, қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың дамуы мен ақпараттық қоғамның қалыптасу дәуірінде қоғамның кез-келген мүшелері әлеуметтік ортада еркін және икемді қоммуникативтік қатынастарға түссе, ақпараттық құралдардың көмегімен әр түрлі іс-әрекеттерді орындау қажеттілігі аясында бірнеше базалық түсініктердің қалыптасып жетілу үстінде екендігі байқалады.

    Қорытынды.
    Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың
    білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге
    пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер
    шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.
    Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең
    мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
    XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.
    Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.
    Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет