Тәрбие сағаты
|
«Тіл тағдыры ел тағдыры»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Тіл тағдыры ел тағдыры»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар, сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек.
«Ұйқасын тап!» ойыны.
Тіл туралы мақалдың жалғасын табу керек. 1. Ана тілін білмеген адам........... (Ештеңені сезбейтін надан.) 2. Тіл тағдыры.-.................. (ел тағдыры ) 3. Тіл тас жарады.............. (тас жармаса бас жарады ) 4. Бас кеспек болса да.......... (тіл кеспек жоқ ) 5. Өнер алды.......... (қызыл тіл)
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Ұлттық тіл – әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық аты бар да жоқ тобыр.
Ал, ендеше менің сұрақтарыма дұрыс жауап бергендерге,
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Халықаралық қатынас тілі қай тіл?
- Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз?
- Қазақстан рәміздері дегеніміз не?
- Білім күні қай күн?
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
|
Оқушылардан тіл туралы тақпақтар сұралады
Оқушыларға сұрақтар қойылады
|
Компьютер
|
Сабақтың ортасы
|
Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,
Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.
Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,
Ана тілің жойылса халық болып қалмассың.
|
Оқушыларға ребустар шешеді
|
|
Соңы
|
Туған тіл - ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.
Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Ендігі езекті қортынды видео рликке берсек
|
Оқушыларға видео көрсетіледі
|
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |