070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет27/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46
2359 - Нұсқа 1-мәтін
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты, қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі қара, оның қанат, құйрық қауырсындары ақшыл. Мекиенінің түсі қоңыр болып келеді.

Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктің ұрығын, жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді.

Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді.

Түйеқүстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады.



  1. Түйеқүс қандай жерді мекендейді?

  1. Орманды алқапты C) Тоғай ішін E) Құмды даланы

  2. Егінді даланы D) Өзен жағасын

  1. Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі

  1. Түсі қара C) Еті пайдалы E) Ең жүйрігі

  2. Мамығы пайдалы D) Қауырсындары ақшыл




  1. мәтін

Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі коңыр, бауыр жағы акшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.

Арқар негізінен Орта және Орталык Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар — биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.

Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындагы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай ауысады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, кебіне егіз туады. Аркарлардың басты жауы - қасқыр мен барыс.

Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан казір оны аулауға тыйым салынған. Қазакстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру аркылы казақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.


  1. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?

  1. Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

  2. Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді

  3. Арқардың мүйізіне карап жасын анықтады

  4. Арқардан төрт түлік түрін шығарды

  5. Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

  1. Аркардың негізгі жауы нелер?

  1. Шөп қоректілер C) Үй жануарлары E) Жұптұяқтылар

  2. Жыртқыш кұстар D) Жыртқыш аңдар

  1. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

  1. Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан

  2. Мүйізі үлкен болғандықтан

  3. Егіз төл беретіндіктен

  4. Сирек төлдейтіндіктен

  5. Меринос қойымен будандастыратындықтан

  1. Арқар қандай жерлерді мекендейді?

  1. Құмдауыт ойпаттарды

  2. Жазық даланы

  3. Eric алқаптарын

  4. Шөлейт жерлерді

  5. Тау бөктерлерін

  1. мәтін




  1. Амансың ба, Бауыржан!

Қазір сенің ең жұлдызды сәтің. Пән олимпиадасынан республикалық олимпиадада жеңімпаз атану екінің бірінің колынан келе бермейді. Мектеп директоры Нұрмағамбет ағайың сол хабарды ести сала, аудан орталығындағы ауруханадан сұранып шығып, жетті емес пе? Үйіне бармастан бірден мектепке соғып, жиналыс жасап сені құттықтады. «Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысылып, томен қарадың. Сол олимпиадада иеленген

«Мақтау қағазы» мен қарақалпақтың «Қырық қыз» дастаны, директордың қолынан қайта алғанда, тіпті ауырлап кеткендей болды. Ал кеште Нұралы ағайың бастаған бір топ мұғалім үйіңе кіріп келе жатқанда кеудеңді мактаныш биледі. Әкеңнің сәл мактаныңкырап сойлегенін де көрдің. Қалаға барса, сен үшін кітап сатып әкеліп жүретін Атажан көкең: «Біздің Баукен Төлеген ағасы сияқты шайыр болады...» - дегенде ұрланып өлең жазып жүргеніңді бәрі білетіндей қысылғаның не? Абырой болғанда, онынды ешкім байқамады.



  1. Енді баска тірлікті сөз қылайық. Саған айтатын ақылым: өзімшілдік - жақсы касиет емес. ЬІлғи: «Менікі дұрыс!» - дей беруге болмайды. Әсіресе, футболда. Футбол - ұжымдық ойын. Төрткүл ауданында болған жарыста не істедің? Тақтакөпір ауданының құрамасымен ойнағанда алғы шептегі Жамбыл мен Түгелбайға пас бергің келмей, өзің гол салғың келді. Екі рет алаң ортасында доптан айырылып қалдың. Соның бірі гол болып қақпаларыңа енді. Балалар ойын соңында кінә артқанда мойындамай қойдың. Тіпті өздерін кінәлі ғып шыгардың. Бірак сенікі дұрыс емес екенін ішің біледі ғой. Сол жолы ұткандарыңда, жартылай финалға шығар едіндер. Мүмкін, әрі карай ақтық сынға тұяқ іліктірер ме едіңдер...

  2. Дегенмен сен бақыттысың, Бауыржан. Әке-шешең, бауырларың касыңда. Ал армандарың тіпті ғажап. Кейде түнімен үйықтамай, армандайтының бар. Сол армандарыңа жетесің түбі. Ал әзірге сабағыңды жаксы оқы!




  1. Үшінші бөлім Бауыржанды қандай бала ретінде танытады?

  1. Арманшыл C) Сабырлы E) Тиянақты

  2. Бауырмал D) Ұқыпты

  1. Мәтінде қандай стиль түрлері кездеседі?

  1. Публицистикалық, көркем әдебиет D) Ғылыми, публицистикалық

  2. Көркем әдебиет, іс қағаздары E) Ауызекі, публицистикалық

  3. Ресми, көркем әдебиет

  1. Екінші азатжолда автор Бауыржанның қай қасиетін сынға алады?

  1. Өркөкіректігін C) Мансапкорлығын E) Табандылығын

  2. Шыдамдылығын D) Екіжүзділігін

  1. Бауыржанның құпия әуестенушілігі

  1. Поэма жазу C) Өлең жазу E) Әңгіме жазу

  2. Шежіре жазу D) Естелік жазу

  1. «Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысыльп, төмен қарадың» деген пікір Бауыржанның қай қасиетін танытады

  1. Сенімсіздігін C) Жасқаншақтығын E) Салғырттығын

  2. Ұялшақтығын D) Немкұрайлығын

  1. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс тұжырымдар

  1. Бауыржан - республикалық олимпиада жеңімпазы.

  2. Бауыржанның тілекшілерінің бірі - Атажан көкесі.

  3. Бауыржан өлең жазумен қатар, спортқа дажақын.




  1. Біріншісі мен екіншісі C) Үшеуі де бұрыс E) Үшеуі де дұрыс

  2. Біріншісі мен үшіншісі D) Екіншісі мен үшіншісі

  1. мәтін

Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса, ешкім көрінбейді. «Әмиян тауып алдым, кімдікі?» деп айкайлап үш рет айтқандай болды. Дегенмен өз даусын баскалар түгілі өзі де естімеді.

Былайырақ шығып алып әмиянды ашып қараса, ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып, бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та жемегені есіне түсті. Әмиянды қалтасына сала бергені сол еді, кенет бұрыштан ботадай боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді.


  • Айналайын адамдар-ау, кайырымды жандар, балаларымның анасы айықпас дертке шалдығып, соны емдету үшін ағайындарым мен жаны жайсаң адамдар ауыздарынан жырып берген қаржымды әмиянымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе, балаларымның күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше, маған тезірек өлім жібере қойшы, тәңірім, - деп жылайды.

Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Акыры ұяты жеңіп, ботадай боздаған кісінің жанына калай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен косып қалай бергенін өзі де байкамай қалды.

Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келтенде, әмиян тауып алған жігіт сасып қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай алып:



  • Бауырым, саған үлкен рақмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығыңды бізге бересің» - деп коймаған соң, серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы каладағы театрдың актері. Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен коса саған бердім. Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылкысын да саған бердім, - деді.

Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиян тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сиякты.

  • Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиян тауып алған жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толкып түрып.




  1. Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың бар екеніне сенімін жоғалтпаған кейіпкер кім?

  1. Олжалы болған пенде C) Киімі жұпыны жігіт Е) Театр актері

  2. Уәделескен жан D) Жиналған қауым

  1. Мәтіннің қорытынды бөліміндегі жігіт сөзінің түйіні.

  1. Ақкөңілден арамдық шықпас, Арамдық шықса да, жамандық шықпас.

  2. Көңіл - қазы, көз - таразы.

  3. Байлыққа қол жеткізу - әркімнің арманы.

  4. Адам болмысы - ізгілік пен адалдық.

  5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.

  1. Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не түрткі болды деп ойлайсың?

  1. Адами құндылықтардың жұтаңдауы.

  2. Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы.

  3. Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы

  4. Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы.

  5. Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі

  1. Қызық көрмек болған тобырдың еңсесінің түсуіне не себеп болды?

  1. Серттескен адамның жеңілуі. D) Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі.

  2. Әмиянның қайтарылуы E) Әмиянның жоғалуы.

  3. Серттескен адамның күлкіге қалуы.

  1. Топтың арасынан шыққан жігіт қандай?

  1. Атаққұмар C) Мақтаншақ E) Ниеті қара

  2. Жүрегінің түгі бар D) Ақ жүрек

  1. Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне не себеп болды?

  1. Өзінің кедейлігі есіне түсті. D) Өзін ұры санайды депқорықты.

  2. Ар-ұяты жеңіп шықты E) Одан да көп ақша аламын депойлады.

  3. Жиналған топтан сескенді.

  1. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз.

  1. Еңіреген жігіт

  2. Көңілі түскен топ

  3. Оңай олжа

  4. Сенімін жогалтпаған жан

A) 3.4.1.2. C) 2.4.1.3. Е) 1.3.4.2.

B) 3.4.2.1. D) 3.1.2.4.

20. Оңай олжаға кенелген жігіт пен уәделескен жігітті не байланыстырады?


  1. Отбасылық жағдайлары C) Жүрек адалдығы E) Кедейліктері

  2. Кеңпейілдіктері D) Әлеуметтік жағдайлары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет