протоплазманың тиістi бӛлігі жинақталуынан сол участоктың сыртынан бірте-бірте
қабықша пайда болады да, әлгі ядро ӛзінше жеке клеткаға айналады. Клетканың осылай
бос пайда болу жолы қалталы саңырауқұлақтардың ұрық қалтасындағы клеткаларға тән.
Жоғары сатыдағы ӛсімдіктердің қартайған клеткаларында клетканың жай бӛлінуі
немесе амитоздың кездесуі — бұларды бӛлінудің қарапайым алғашқы түpi емес, қайта
митоздың ықшамдалған екінші түрі деп қаралуы керек екендігін ескертеді.
Митоз
(кариокинез немесе эквациялық бӛліну). Бұл — ӛсімдіктер мен жануарлар
клеткаларының күрделі жолмен бӛлінуі. Кариокинез жолымен ӛсімдіктер
клеткасының
кӛбеюі және бұл жолмен ядроның бӛлінуі жӛніндегі негізгi пікірдi тұңғыш рет айтқандар
— ботаник И. Д. Чистяков (1874), ал жануарлар клеткасынікі туралы гистолог П. И.
Перемежко (1878) болса, клеткадағы ядроны алғашқы байқаған ағылшын ғалымы Роберт
Брауннан (1831) бастап-ақ жер жүзіндегі басқа елдің биологтары да ядроның маңызын
ашуға тырысты. Солардың бipi — неміс цитологы В. Флеминг, Ол 1882 ж. клетка бӛліну
кезіндегі ядрода болатын әр қилы құбылыстарды байқап және оларды сипаттай келіп, оған
митоз, яғни
ядроның күрделi бӛлiнуi деп ат берді.
Клетканың күрделі бӛлінуінің бip түpi — мейоз. Бұл кӛбінесе ӛсімдіктердің жыныс
клеткалары (гаметалары) жетілер кезде бӛлінеді. Атап айтқанда, жыныс гематалары
жетілер кезде генеративтік ядро мен ұрық қалтасының ядролары мейоз жолымен бӛлінеді.
Мейоз кезінде басынан бірнеше күрделі сатыларды ӛткізе келіп, ядрода болатын
хромосом саны жартылай кемиді. Мысалы, пияз гүлінің тозаңындағы генеративтік
ядромен ұрық қалтасының клеткаларындағы ядрода хромосом саны — 16, мұны —
диплоид (2х) санды хромосом дейді; егерде осындай диплоид хромосомда ядро мейоз
жолымен бӛліне келіп, оның саны теңжара кеміп шығатын болса, оны—гаплоид санды,
хромо¬сом деп атайды. Сонымен, вегетативтік орган клеткаларының ядросында
диплоидты хромосом болады да, жетіліп шыққан гаметалардағы хромосом саны —
гаплоидты болады.
Мейоздың биологиялық мәні — тipi организм жынысты жолымен кӛбейген кезде,
аналық және аталық гаметалардың ұрықтануын қамтамасыз ету. Гаплоидты саны бар екі
гамета ұрықтануының арқасында, екеуінің арасынан пайда болған зиготаның хромосом
саны қайтадан орнына түсіп, диплоидты күйге жетеді. Ӛсімдіктердің гаметалары мейоз
жолымен бӛлінбесе, олардағы хромосом саны жартылай кемімесе яғни гаплоидты
болмаса, екі түрлі жыныс клеткалары бірімен-бipi ұрықтана алмаған болар еді
Достарыңызбен бөлісу: