152. Дүние Жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жіктемесі бойынша систолалық қан қысымының қай көрсеткіші 1-ші дәрежелі
артериялық гипертензияға сәйкес:
А. 130-139 мм.сын.бағ.
B. 140-149 мм.сын.бағ.
C. 130-159 мм.сын.бағ.
D. 160-169 мм.сын.бағ.
E. 140-159 мм.сын.бағ.
153. Дүние Жүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жіктемесі бойынша диастолалық қан қысымының қай көрсеткіші 2-ші дәрежелі артериялық гипертензияғасәйкес:
А. 80-89 мм.сын.бағ.
B. 90-94 мм.сын.бағ.
C. 95-99 мм.сын.бағ.
D. 100-109 мм.сын.бағ.
E. 110-119 мм.сын.бағ.
154. Эсcенциялық артериялық гипертензия деген не?
А. гемодинамикалық артериялық гипертензия
B. бүйрек аурулары салдарынан болған артериялық гипертензия
C.артериялық қысымның реттеуіне қатысты ағзалардың зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық гипертензия
D. церебральді артериялық гипертензия
E. қан қысымын реттеуге қатысты ағзалардың немесе жүйелердің зақымдануынан дамитын артериялық гипертензия
155. Артериялық гипертензия синдромында лоқсу және құсу неге байланысты?
А. асқазан-ішек жолдарының екіншілік зақымдалуы
B. бас ми тамырларының қысылуы
C. бүйрек тамырларының қысылуы
D. бас ми тамырларының дилятациясы
E. қанда улы заттардың жиналуы
156. Артериялық гипертензияда бүйрек зақымдалуының көрінісі қандай?
А. қанның биохимиялық анализінде гиперкреатинемия, несептің жалпы анализінде протеинурия
B. қанның биохимиялық анализінде гипербилирубинемия, несептің жалпы анализінде протеинурия
C. қанның биохимиялық анализінде гиперкреатинемия, несептің жалпы анализінде лейкоцитурия
D. несептің жалпы анализінде протеинурия, лейкоцитурия, глюкозурия
E. қанның биохимиялық анализінде гиперкреатинемия, гипербилирубинемия
157. Артериялық гипертензия синдромы бар науқастардың жүрек аймағын қарағанда не анықталады?
А. жүрек түрткісі
B. жүрек ұшы түрткісінің болмауы
C. эпигастральді пульсация
D. жүрек бүкірі
E. жүрек ұшы түрткісінің солға ығысуы
Достарыңызбен бөлісу: |