1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет1/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.


Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады:
1.Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар. ( Сақ,ғұн, үйсін дәуірі б.з.б VII ғ. – б.з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден бізге келіп жеткен Есік жазуы , Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым,Ширақ батыр , Зарина сұлу, Мөде батыр т.б. жайындағы аңыз- жырлар бар. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Сактар көне туркі тілінде сөйлеген.
2.Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. (V-VIII ғ.ғ.) Орхон ескерткіштері -«Білге», «Күлтегін», «Тоңұқұқ» жырлары, жазған кісі- Йоллығ тегін.
3.Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (ІХ- Х ғ.ғ.) «Қорқыт ата кітабы» , «Оғыз қаған» жыры ( VIII-ІХғ.ғ)
4.Исламдәуіріндегіәдебиет . (Х- ХІІ ғ.ғ) Бұл дәуір әдебиеті шығарма иесінің шыққан ортасына қарай екіге бөлінеді.
а)Сыр бойы әдебиеті: Әл- Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки , Сүлеймен Бақырғани.
ә)Қарахан әдебиеті: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари.
5.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет: (ХІІІ- ХІV ғ.ғ) Рабғузи , Хорезми, Сәйф Сараи.
Алып Ер Тоңа- өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі, Иран ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» (ХІ ғ.) кітабының кейіпкері (Афрасияп деп аталған) болған .Төрт ұлы болған: Барысхан , Қарахан, Шиде, Алақ, Алып Ер Тоңаны жоқтау жыры М.Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағына» енген.
Қорқыт (VІІІ ғ.)- тарихи тұлға аңыз кейіпкері. Туып- өскен жері- Сыр бойындағы Жанкент (Жаңакент) қаласы. Қобыз аспабын ойлап тапқан, ұрпақтарға «Желмая», «Аққу», «Елім ай» , «Қорқыт күйі», т.б. күйлерді қалдырған.
«Қорқыт ата кітабының» (ХV ғасырда жазылған) бізге жеткен екі нұсқасы бар. Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы және Италияда (Ватикан) 6 жырдан тұратын қолжазбасы. Алғаш рет ХХ ғасырда хатқа түсірілген.
«Қорқыт ата кітапбы» -VIII ғасырларда және одан бұрын туған аңыз -дардың жинағы. Кітаптағы жырлар: « Қазанбектің ауылын жау шапқалы туралы жыр», «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр» , «Төбекөз дәуді жеңген Бисат батыр» ,т.б. «Бамсы Бейрек жыры» оқиғасы, құрылысы жағынан «Алпа- мыс батыр» жырына жақын келеді.Кітапта нақыл сөздер көптеп кездеседі.
«Оғыз қаған» жырының ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақталып келген. 40- тан астам хикаядан тұрады. (Жыр кейіпкерлері:Оғыз, анасы - Айқаған, ақылшы кеңесшісі- Ұлық Түрік ұлдары- Күн Ай , Жұлдыз ,Көк , Тау, Теңіз ,Ормандағы ғажап аң-Қат ,жол көрсетуші- Көк бөрі)
Жыр ІХ ғасырда жинақталып,ХІV ғасырда хатқа түскен.Жырдың басты идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. Қыпшақ, қаңлы,қардұқ, қалаш рутайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады. Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататыны аңғарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет