1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет41/260
Дата06.02.2022
өлшемі436,3 Kb.
#80406
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   260
Байланысты:
тест әдебиет

«Қыз Жібек» жыры
«Қыз Жібек» жыры 1905-1909, 1911 жылдары Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында басылған. Осы нұсқа 1925 жылы Ә.Дибаев редакциясымен Ташкентте жарияланған. «Қыз Жібек» жыры – идеясы, мазмұны, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі.
Төлегеннің әкесі Базарбай, сүйген жары Қыз Жібек, туған інісі – Сансызбай, ақын досы – Шеге. Сырлыбай – хан, Жібектің әкесі, Қаршыға – оның ақылшысы, уәзірі, Бекежан – ғашық батыр. Хорен – қалмақ ханы.
Жыр негізінде Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» пьесасын (музыкалық драма) жазды.
Таным дерек.
Бекежан Айбекұлы (1667-1730)- батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі Сұрмерген садақшы. «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі – башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы- батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрақ, Байрақ мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі дерек бар: бірінде 45 жасында соғысты алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Қабірі – Батыс Қазақстан олбысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. («Қазақстан» ұлт-қ энци. 2-том,254-бет.)
Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздардың әсем сұлулығы суреттелген жыр.
Әмеңгерлік салт кездесетін жырды табыңыз: («Қыз Жібек» жыры)
Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға)
«Қыз Жібек» жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы)
«Қыз Жібек» жырынында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттерімен көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге)
«Қыз Жібек» жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға)
Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал)
Төлеген бейнесіне сай тіркес: («Падишадан кем емес»)
«Қыз Жібек» жырында:
«Мен бір сұлу табайын,
Патшалардың жалғызы.
Аты- Жібек сұрасаң,
Кереметін көр,»- деп айтқан: (Қаршыға)
Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан кейіпкер: (Шеге)
Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткенін белгілеңіз. (Жиырма бес мың)
«Қыз Жібек» жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолықты: (11)
«Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай»: деген үзінді («Қыз Жібек» жырынан)
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті...
... тің дидары –
Қоғалы көлдің құрағы,- деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты: Бекежан)'>(Жібектің)
«Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман-тілегіне қарсы топ: (Базаралы тобы)
«Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан)
«Өзім батыр болған соң, кімді аяйын...»-деп Жібекке шімірікпей жауап берген: (Бекежан)
«Аспандап ұшқан алты қаз,
Сіздер тірі, мен өлі,»-деп өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро-эплстық жыр кейіпкері: (Төлеген)
«Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартар қоңынан,»-деген «Қыз Жібек» жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау)
«Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын тұрағын,»- деген жоқтау сөз айтқан: (Шеге)
Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: (Шеге)
Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол тартқан: (Сансызбай, Шеге)
Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары аталған: (Сансызбайдың)
Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын кісі: (Шеге ақын)
Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін қалмақ батыры: (Хорен)
Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары қалай аталады: (Сандалкөк)
«Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.» -деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу)
Ғ.Мүсірепов пьесасы: («Қыз Жібек» ж.)
Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегі»: (Музыкалық дарама)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет