1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет38/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

Бұқтырылған ет тағамдары

Бұқтырылған етті дайындау үшін ірі сыбаға және ұсақ кесекке бөлшектелген еттер пайдаланылады. Бұқтырар алдында етке тұз бен бұрыш себеді, қуырма қабық пайда болғанша қуырады. Содан кейін шұңғыл ыдысқа салып, оны толық жауып тұратындай етіп су құяды, ал ірі кесектерді жартылай жабады. Етке дәм және хош иіс беру үшін оған пияз, ақжелек, балдыркөк, сәбіз (1 кг етке 100г есебінде) қосады. Дәмдеуіштер мен дәмдіктер үшін дәнекті бұрыш, лавр жапырағы, ақжелек көгі, аскөк көгі, сСонымен қатар қалампыр, зире, кориандр пайдаланылады.

Хош иісті заттар ұшып кетпес үшін және су тез сарқылмас үшін етті жабық ыдыста баяу қайнатып бұқтырады. Дәмдіктер мен көктерді бұқтыру аяқталуға 15-20 мин. қалғанда салады. Дәнекекер ұлпаларын жұмсарту үшін және етке күшті дәм беру үшін томат пюресін, қышқылтым тұздық, шала тұздалған (маринадталған) жеміс пен жидекті сөлімен, кваспен қосып салады. Бұқтырылғаннан қалған сорпаға тұздық дайындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет