1 дәріс. Педагогика



бет19/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердiң негiзгi бағыттары. 1960-1970 ж.ж. әлемдегі ғылыми-техникалық жетiстiктер, экономиканы дамытуды және кеңестiк қоғамды демократияландыру жағдайында бiлiм мазмұнын өзгерту мәселесiн алға қойды. Осыған орай 1960 - 1970 ж. ж. жалпы міндетті орта білімге көшу, мектеп саясатының басты мәселелерінің бірі болды.

Жалпы орта білім беру тұжырымдамасындағы басты мақсат жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені меңгерту болды (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин). Білім мазмұны қоғамның әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс еді.

Дидактикалық теорияларды жетiлдiрiп зерттеген ғалымдар қатарында В.В. Краевский, Лернер И.Я., М.Н. Скаткин, М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, Ю.К.Бабанский, т.б. болды. Бiлiм мазмұнын жетілдіруге байланысты негiзгi идеяларда: бiлiм беру уақыт талаптарына лайық құру, оқытудың ғылыми негізін күшейту; оқу үлгерiмiнiң сапасын арттыру мәселелеріне басты назар аударылды. Өкінішке орай, сол кезең талаптарына лайық белгіленген осы маңызды мәселелер күнделiктi тәжiрибеде өз шешiмiн таппады. Оқушыларға ғылым негiздерiн оқыту практикалық жағынан қиындық тудырды.

Л.В. Занков түсiнiктiлiк принципiн жетiлдiрiп, оқытуды жоғары қиындық деңгейде және материалды жоғары қарқынмен оқытуды ұсынды. Ол оқу жұмысының тиiмдiлiгi оқушының ақыл- ойының дамуын қамтамасыз етумен және кездескен қиындықты жеңе бiлуiмен iске асырады деп

есептеді.

Ақыл-ой, таным үрдiсi оқушының зейiн қою қабiлетiн, талдау-жинақтау әрекетiн және ерiк- жiгерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Оқытуды жоғары қиындық деңгейiнде жүргiзу - оқушыны белсендi танымдық iс- әрекетке жұмылдыру, бiлуге ынталандыру, қажеттi мөлшерде шығармашылық жаттығулар берiп, ақыл-ойын жаттықтыру, яғни жақсы және нашар оқитын оқушыларды оқу еңбегiне бiрдей жаттықтыру.

Л.В.Занков ұсынған түсiнiктiлiк принципiн практикада кең мағынада қолдану, оқу мазмұнының көлемiн ұлғайтып, теориялық деңгейiн күрделендiрдi.

60-70-ші жылдары дамыта оқыту теориясы оқушының ақыл-ой қабiлетiн дамыту әдiс- тәсiлдерiне барынша көңiл бөлгенімен, оқыған материалды есте сақтатуға жете назар аудармады. Дидактикада оқу материалын есте сақтау деген мүлде естен шығарылып, ол механикалық жаттау ұғымымен теңестiрiлдi. Оқу-танымдық үрдiс барысында оқушының материалды игеруi үшiн есте сақтау қабiлетi қалыптасуы тиiс, өйтпесе ешқандай бiлiм көлемiн игеруге болмайтыны белгiлi.

Сонымен, үлкен үмiт артқан дамыта оқыту теориясы тиiмдi нәтиже бермедi. Оқушылардың оқу үлгерiмi төмендеп, оқу үлгерiмiн пайызға шағу, бағаны көтермелеп қоюға әкелiп соқты.

Дидактикада И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқушылардың оқу-танымдық әрекетiн арттыру үшiн оқыту әдiстерiнiң маңызына назар аударып, оларды топтастыруға ат салысты. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында оқу материалдарын түсiндiрiп - көрсететiн немесе ақпаратты - рецептивтi (рецепция - қабылдау) әдiстер: әңгiме, лекция, түсiндiру, оқулықпен жұмыс, суреттердi қолдану, диафильмдердi пайдалану; репродуктивтi iлiмiн практикада қолдана бiлу, алгоритм бойынша жұмыс жасау, бағдарламалау) әдiстері; оқытылатын материалды педагогикалық жағдаят тұрғысынан сипаттау әдiсi; жартылай-iзденiске түсiру немесе эвристикалық әдiс; зерттеу әдiсi, оқушыларға танымдық мiндет қойылып, алға қойған мәселені оқушылардың өздiгiнен шешуіне қажеттi басқа да әдiстер ұсынылды.

Ю.К.Бабанский көптеген оқыту әдiстерiн үш негiзгi топқа бөлдi: оқу-танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекетке белсендiретiн және түрткi тудыратын әдiстер; оқу-танымдық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн тексеретiн және өзiн-өзi тексеретiн әдiстер.

М.Н.Данилов пен Б.П.Есипов оқыту әдiстерiн дидактикалық мақсат пен мiндеттердi шешетiн топтарға бөлдi: жаңа бiлiмдi игертетiн әдiстер; бiлiк пен дағдыларды қалыптастыратын және бiлiмiн практикада қолдана бiлу әдiстерi; бiлiм, бiлiк, дағдыларды тексеру және бағалау әдiстерi.

Г.М.Щукинаның зерттеу еңбектерінде оқушылардың оқу-танымдық iс-әрекетi белсендiлігін көтеру, көптеген құнды пікірлер айтылды.

Жалпыға бірдей және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары (1984). Мектептегi оқытуды жетiлдiру реформасы мектептi қайта құрудың негiзгi бағыттарын белгiледi, олар: оқытылтын пәндер мен олардың мазмұнын анықтау, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды күрделi және артық материалдардан арылту; - оқу пәндерiнiң негiзгi түсiнiктерi мен жетекшi идеяларын анықтап, ғылым мен техника жетiстiктерiн көрсету; еңбек тәрбиесi мен жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға кәсiби бағдар берудi түбегейлi өзгерту; оқытудың политехникалық бағытын күшейту; зертханалық және практикалық сабақтарды молынан жүргізу; физика, химия заңдылықтарын технологиялық жағынан көрсету арқылы еңбекке баулу және жастарға кәсiби бағдар беру; оқушыларды есептеу техникалық құралдарымен жұмыс жасай бiлуге үйрету оқу үрдiсiнде компьютерлердi қолдану; әр пән, әр сынып бойынша берілетін бiлiм, бiлiк, дағдылардың көлемiн анықтау; мектептерде, кәсiби-техникалық училищелерде, арнайы орта бiлiм орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету.

Өкінішке орай, мектепті тоқыраудан шығаруды көздеген реформа (1984) белгілеген мақсатын толық жүзеге асыра алмады. Жалпы білім беретін мектеп пен кәсіптік білім беретін мектепті біріктіру, мектеп жұмысының мазмұнын кәсіби білім берумен толықтыру, кәсіптік- техникалық білім беру жүйесін бір арнаға түсіру - орта кәсіби техникалық училищелер ашу, білім беру жүйесінің жұмысын онан ары әлсіретті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет